TOWNHALL MEETING 2025
18 маусым күні SDU University-де қызметкерлер мен университет әкімшілігінің басын қосқан TOWNHALL MEETING 2025 шарасы өтті.
Кездесу барысында университет ректоры 2024–2025 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен стратегиялық басымдықтар таныстырылды.
Университет басшылығы қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. Бұл кездесу академиялық және әкімшілік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, ұжымдық ынтымақтастықты арттыруға сеп болды.
Келер оқу жылында да университет ұжымы ынтымақпен еңбек етіп, биік нәтижелерге қол жеткізуді көздейді.
