AWS Student Day
4 сәуірде SDU University-де бұлтты технологиялар саласындағы ең ірі білім беру шарасы – AWS Student Day өтті. Бұл іс-шара Cloud, DevOps және AI әлеміне тереңірек үңілгісі келген студенттерді, оқытушыларды және IT-әуесқойларды біріктірді. Іс-шара AWS пен qCloudy компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Шарада келесі негізгі сәттер қамтылды:
Қазақстан мен Қырғызстаннан 300-ден астам қатысушы
AWS және сала сарапшыларының мазмұнды баяндамалары
Нақты кейстер мен технологиялық трендтер бойынша пікірталастар
Қатысушылар нақты тапсырмалармен жұмыс істей алған AWS бойынша практикалық воркшоп
Желілік байланыс орнату, сыйлықтар, сертификаттар және эксклюзивті мерч
Негізгі спикерлердің пікірлері:
Нұрбек Садықов, AWS Community Leader, qCloudy компаниясының бас директоры:
“Бұлтты технологиялар – ең батыл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұрын бізге қолданушы топ арқылы тағылымдамаға келген көптеген студенттер қазір компаниямызда жұмыс істеп жатыр. Мұндай іс-шаралар – бір реттік қадам емес, болашақ мамандарды даярлаудың тиімді жолы.”
Шахназар-Сұлтан Манбай, бас ұйымдастырушы, SDU University IT Infrastructure Track жетекшісі:
“Бұлт – бұл болашақ. Көптеген компаниялар өз инфрақұрылымын бұлтқа көшіруде. Жасанды интеллект секілді технологиялардың дамуы есептеу ресурстарына сұранысты арттыра түседі. Ал бұлт бұл сұранысты толықтай қамтамасыз ете алады. Біз студенттер индустрия деңгейінде білім алуы үшін компаниялармен және академиялармен серіктестік орнатамыз. AWS бізді үш жылдан бері қолдап келеді. Бұл – тек бастамасы.”
AWS Student Day шарасы білім, технология және кәсіби мүмкіндіктерді бір алаңда тоғыстырған сәтті үлгі болды.

