INCLUSION WEEK 2025
Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультеті мен SDU Оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған инклюзия апталығы өз мәресіне жетті.
SDU қауымдастығы инклюзивті қоғам құру жолында маңызды шараларды қолға алуда. 2025 жылғы 24-28 ақпан аралығында өткен “Inclusion Week 2025” апталығы – осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болды.
Апталықтың негізгі мақсаты – SDU қауымдастығында инклюзивті ортаны қалыптастыру, ақпараттандыру және осы құндылықты танымал ету болды. Іс-шараны ұйымдастыруға Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Оқу-әдістемелік орталығы (УМЦ), сондай-ақ EduLight клубы мен студенттік үкімет атсалысты.
Inclusion Week 2025 апталығы SDU студенттері мен оқытушылары үшін инклюзия мәселелеріне тереңірек үңілуге үлкен мүмкіндік берді. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, университет қауымдастығының белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Жәрмеңкеге көптеген студенттер мен оқытушылар қатысып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған бастамалармен танысты. Арт-терапия мен семинарлар қатысушыларға жаңа білім мен тәжірибе берді. SDU Inclusion Talks барысында тәжірибелі мамандар өз ойларымен бөлісіп, инклюзивті білім беру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Бұл апталық SDU қауымдастығы үшін үлкен жетістік болды. Қатысушылар инклюзивті орта қалыптастырудың маңыздылығын түсініп, оны әрі қарай дамыту жолдарын қарастырды. Университет алдағы уақытта да инклюзияны қолдау шараларын жалғастыра бермек.



