Жасанды интеллект дәуіріндегі қазақ журналистикасының болашағы

2025 жылдың 14 ақпанында SDU University-де Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Журналистика» мектебі мен «Бас редакторлар клубының» ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және қазақ медиасының трансформациясы» атты дөңгелек үстел өтті. Форумға еліміздің жетекші медиа өкілдері қатысып, жасанды интеллекттің қазақ медиа кеңістігіне ықпалы, журналистиканың жаңа форматтары мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Жиын барысында сенатор, «Бас редакторлар клубы» президенті Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы жасанды интеллекттің қазақ журналистикасына әкелетін мүмкіндіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, ол ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы мен заманауи медианың рөлін ерекше атап көрсетті.

«Жасанды интеллект – бүгінгі журналистиканың ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл технологияның мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу кәсіби журналистиканың дамуына жаңа серпін береді», – деді «Alatay Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Форумда жасанды интеллекттің қазақ медиа кеңістігіне ықпалы, оның журналистикадағы жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Цифрлық медиадағы трендтер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де назардан тыс қалмады. Спикерлер жасанды интеллекттің журналистикаға әкелген өзгерістерін, контент өндірісіндегі автоматтандыру мен медианың болашақ форматтарын сөз етті.

ЖИ – студенттің көмекші құралы

Журналистика мамандының студенттері жасанды интеллект көмегімен бір суретті ғана пайдаланып, бірнеше тілде ақпарат беретін видео әзірледі. Алдағы уақытта жасанды интеллект «Журналистика» мекбетінде арнайы пән ретінде оқу жүйесіне енгізілмек.

Сонымен қатар, SDU студенттері мен медиа мамандары арасында ашық пікірталас өтіп, жас журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ақпараттық манипуляция, фактчекинг, этика және жасанды интеллекттің медиадағы орны сияқты тақырыптар талқыланып, сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытынды: қазақ медиасының жаңа кезеңі

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллекттің қазақ медиасының дамуына ықпалы үлкен екенін, бірақ оны тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану қажет екенін атап өтті. Бұл жиын медиа саласындағы мамандар мен жас журналистер арасындағы диалогтың маңызды екенін және осындай кездесулердің сала дамуына ықпал ететінін көрсетті.

SDU University ұйымдастырған бұл форум студенттерге тәжірибелі журналистерден үйренуге, медиа саласындағы жаңа технологияларды зерттеуге және болашақтағы кәсіби бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: