SDU Extension School педагог мамандарға арнап қос семинар өткізді
2025 жылдың 8-11 қаңтар аралығында SDU Extension School Білім Инновация лицейлерінің қызметкерлеріне арнап “Мен” емес “Біз” атты 20 сағаттық семинар өткізді. Семинарға жалпы саны 25 қатысушы қатысты.
Семинар бағдарламасы төрт маңызды тақырыпты қамтыды:
- Кәсіби даму/дамыту;
- Жауапкершілікті бөлісу;
- Әсерлі сөйлеу құпиялары;
- Жанжалсыз шешімдер.
Бұл семинарды өткізуге Университетіміздің профессор-оқытушылық құрамы мен өз ісінің кәсіби мамандары шақырылды: Берік Сабденалиев, Гүлназ Тоғызбаева, Әділжан Анай және Дархан Қуанышбай. Спикерлердің тәжірибесі мен біліктілігі қатысушыларға өз салаларында жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік берді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға Университетіміздің Ректоры атынан арнайы сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, SDU Extension School Алматы қаласының колледждеріндегі 33 әдіскерге арнап “Оқытудағы заманауи шешімдер” атты 3 сағаттық семинар-тренинг өткізді. Бұл шара білім беру саласындағы жаңа идеяларды зерттеу мен тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинардың спикері – Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры Шаттыгүл Ерхожина тыңдаушыларға заманауи оқыту тәсілдері бойынша құнды ақпараттар ұсынды. Семинар соңында қатысушыларға SDU University Ректоры атынан сертификаттар табысталды.
