SDU Extension School Талғар ауданының 44 мектеп директорына біліктілікті арттыру семинарын өткізді
17 желтоқсан 2024 жылы SDU Extension School Талғар ауданының 44 мектеп директорына “Тиімді менеджмент” атты 5 сағаттық біліктілікті арттыру семинарын өткізді. Семинарды университетіміздің білікті профессор-оқытушылық құрамы, SDU Business School деканы Берик Сабденалиев, Экономика және бизнес кафедрасының оқытушысы Мадина Қосай және профориентолог, коуч, Жаратылыстану ғылымдары педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы Омарбек Көшкімбайұлы жүргізді.
Іс-шарада мектеп директорларының жұмыс процесінде туындайтын өзекті мәселелер мен қиындықтар талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерінен бірнеше ситуацияларды ортаға салып, спикерлермен талдау жүргізу арқылы маңызды мәселелердің тиімді шешімдерін анықтады.


Previous
Next