Бағдарлама ғылым саласындағы басшылар мен аналитиктерді ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру үшін заманауи деректерді талдау құралдарын пайдалануға үйретуге арналған. Курс цифрлық және аналитикалық сауаттылықты дамытуға, сондай-ақ Excel, Python және ЖИ-пен (жасанды интеллект) жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Курс авторы

Қайрат Молдашев

  • SDU университетінің қауымдастырылған профессоры
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар кеңесінің мүшесі
  • Жоғары білім және ғылым саясаты саласындағы зерттеуші
  • Қазақстандық және шетелдік университеттерде провост және ғылым жөніндегі проректор ретінде жұмыс тәжірибесі бар
  • Зерттеу әдістері мен деректер аналитикасы бойынша курстарды оқытады
  • Ғылым және жоғары білім саласындағы жарияланымдардың авторы

Кімдерге арналған

Ғылым жөніндегі проректорлар, ғылыми бөлім басшылары, ҒЗТКЖ аналитиктері, ғылымметрия мамандары

Мақсаты

– Цифрлық және аналитикалық сауаттылық деңгейін арттыру
– Ғылыми деректерді талдау құралдарын (Excel, Python, ЖИ) меңгеру
– Жарияланымдық және ғылымметриялық деректерді сыни тұрғыда түсіндіру дағдыларын қалыптастыру
– Ғылымды стратегиялық басқаруға арналған аналитикалық есептер жасау

Күтілетін нәтиже

– Ғылыми аналитика мен цифрлық құралдардың негіздерін меңгеру
– Ғылыми белсенділік бойынша деректерді жинау, өңдеу және визуализациялау қабілеті
– Метрикаларды сыни тұрғыда талдау және ғылымды дамыту стратегиясындағы әлсіз тұстарды анықтау
– Өз ұйымының деректері бойынша аналитикалық жоба дайындау

Бағдарлама білім беру мекемелері педагогтерінің онлайн платформалар көмегімен сабақ үдерісін цифрландыруға, зет және альфа буынның пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарын цифрлық технологиялық арқылы ұйымдастыра алуға бағытталған.

Курс авторы

Гүлжайна Нұрманова

  • SDU University PhD түлегі
  • Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстары жұмыстары 1 мектеп оқулығы мен 1 әдістемелік нұсқау, университетке арналған 5 оқу құралы мен 3 жұмыс дәптері және 15 ғылыми мақала авторы
  • 2014 жылдан бастап SDU университетінде “Тілдік білім беруде АКТ-ны қолдану”, “Білім берудегі цифрлық технологиялар”, “Ғылым және білім берудегі сандық сауаттылық” пәндерінен дәріс оқиды

Кімге арналған

Білім беру мекемелерінің педагогтеріне

Мақсаты

– Оқыту үдерісінде цифрлық сауаттылықты арттыру
– Жасанды интеллект көмегімен уақытты үнемдеу
– Оқыту бағдарламасын онлайн платформалар мен қосымшалар арқылы жоспарлау

Күтілетін нәтиже

– Заманауи АКТ мүмкіндіктерін қолдана алу
– Жасанды интеллекті толығымен меңгеру
– ҚР Оқу ағарту министрлігі бекіткен аттестацияға жарамды сертификатқа ие болу

Бағдарлама білім беру мекемелері педагогтерінің біліктілігі мен құзіреттілігін арттыруға арналған. Өз бетінше педагогикалық зерттеулер мен эксперименттер жүргізу дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Курс авторы

Шаттыгүл Ерхожина

  • SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры
  • Педагогика ғылымдарының кандидаты
  • Қазақ тілі оқулықтарының авторы
  • Оқыту әдістемесі тақырыбы бойынша бірнеше ғылыми мақалалар авторы

Кімге арналған

Білім беру мекемелерінің педагогтеріне

Мақсаты

– Оқыту процесін интерактивті тәсіл негізінде ұйымдастыру
– Студенттердің белсенділігін арттыратын тиімді тактикаларды үйрету
– Педагогикалық әдістемені жүйелеуді үйрету

Күтілетін нәтиже

– Қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолдана білу
– Студенттердің қызығушылығын арттыру тәсілдерін меңгеру
– ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен аттестаттауға сәйкес сертификат алу

Бағдарлама ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігі мен құзыреттілігін оқытудағы заманауи әдістермен және әдістермен танысу арқылы, сондай-ақ оқытуда заманауи технологияларды қолдану арқылы арттыруға бағытталған

Курс авторы

Дмитрий Черкасов

  • Американдық Pennsylvania State University магистрі
  • IELTS 8.0, CELTA (Pass B) сертификат иегері

Арман Арғынбаев

  • SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің аға
    оқытушысы, оқытушы-жаттықтырушы
  • “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығы бойынша білім магистры
  • British Council онлайн фасилитаторы
  • ТКТ (Module 3) сертификат иегері
  • Алматы қаласының ұстаздары арасындағы үштілділік олимпиада жеңімпазы

Әділжан Анай

  • SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің аға
    оқытушысы
  • Ағылшын филологиясының маманы, әдіскер, эдупренер
  • 20 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, аудармашы

Кімге арналған

Білім беру мекемелерінің педагогтеріне

Мақсаты

– Шет тілін үйретуші маманның біліктілігін арттыру
– Сабақ жоспарын құрылған мақсатқа сай жүйелеуді үйрету
– Оқушының тілдік деңгейін көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдерді ұсыну

Күтілетін нәтиже

– Шетел тілін оқытудағы сабақ жоспарын талапқа сай құрастыра алу
– Оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттыру
– ҚР Оқу ағарту министрлігі бекіткен аттестацияға жарамды сертификатқа ие болу

Бағдарлама білім беру мекемелері педагогтерінің біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруға арналған. Өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыруға, нәтижелерді рәсімдеуге және қорытынды жұмысты көпшілі ұсынуға бағытталған.

Курс авторы

Ақерке Есенбекова

  • SDU Extension School Қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі
  • Назарбаев университетінің Көптілді білім беру магистрі
  • Тілдік байланыс жайлы халықаралық деңгейдегі мақалалар авторы
  • Назарбаев университетінің CLIL тақырыбына байланысты арнайы ғылыми
    жобасында зерттеуші қызметін атқарған маман.

Кімге арналған

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Бағдарлама орта білім беру мекемелерінің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Ол педагогикалық ұжымды басқарудағы және оқушылар үшін ыңғайлы білім беру ортасын құрудағы инновациялық әдістерді меңгеруге көмектеседі.

Курс авторы

Аида Чемербаева

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері;
  • Иллинойс университетінің магистрі (University of Illinois at Urbana-Champaign, АҚШ);
  • Орта білім беру саласындағы көшбасшы және басқарушы;
  • SDU Extension School-дың бас маманы (әдіскер);
  • SDU University-дың  Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқытушысы.

Айжан Ашимова

  • MA in TESOL Kimep University бағдарламасының түлегі;
  • Зерттеуші, «Мидың ағуы» және тілдік идентификация кітабінің авторы;
  • LLM’s in Teacher Training бағдарламасының тренері.

Кімге арналған

Орта білім беру мекемелерінің директорлары мен оқу ісінің жөніндегі орынбасарларға

Мақсаты

  • Білім беру ұйымдарының әкімшілік құрамында инновациялық ойлауды қалыптастыру;
  • Білім беру үдерістерін талдау және бағалау әдістерін үйрету;
  • Мектеп басқаруында цифрлық трансформация мен жаңа технологияларды енгізу бойынша құзыреттілікті арттыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Өз мектептерінде инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу дағдыларын қалыптастырады;
  • Цифрлық сауаттылық пен басқару тиімділігін арттырады;
  • Білім берудегі өзгерістерді қолдайтын және дамытатын көшбасшылар қауымының бір бөлігіне айналады;
  • ҚР Оқу-ағарту Министрлігімен бекітген сертификатқа ие болады.

Бағдарлама орта білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін педагогтердің авторлық бағдарламалар әзірлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. ҚР Оқу-ағарту Министірлігінің бұйрығында көрсетілген талаптарға, сонымен қатар мектеп/аудан/қала деңгейіндегі оқу-әдістемелік кеңестердің стандарттарына сай бағдарламалар дайындауды көздейді.

Курс авторы

Фариза Мұхатова

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика ғылымдары магистрі;
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша Түркияда тағылымдамадан өткен;
  • SDU университетінің PhD докторанты;
  • 2013 жылдан бері А. Бейсеуов атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші

Кімге арналған

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне

Мақсаты

  • Мектеп, гимназия, лицей және колледж мұғалімдерінің авторлық бағдарламалар құрастыру дағдыларын арттыру;
  • Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда онлайн-платформаларды тиімді пайдалана отырып, сапалы авторлық бағдарлама жасауға бағыт беру.

Күтілетін нәтижелер

  • Білім беру мазмұнына сәйкес авторлық бағдарламалар әзірлеу дағдыларын меңгереді;
  • Авторлық бағдарламалар жасауда жаңа әдістер мен цифрлық платформаларды қолдана біледі;
  • Авторлық бағдарламаларды әзірлеуде аналитикалық, сыни және шығармашылық ойлауды дамытады;
  • ҚР Оқу-ағарту Министрлігімен бекітген сертификатқа ие болады.

Бағдарлама Халықаралық білім беру стандарттарына және Ұлттық білім беру реформаларына сәйкес әзірленген. Бұл бағдарлама арқылы педагогтердің STEM пәндерін оқытудағы тілдік және кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ оқушыларды көптілді еңбек нарығына бейімдеу көзделеді.

Курс авторы

Сатылмыш Йылмаз

  • Мармара университетінің (Ыстамбұл) түлегі, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторанты (Алматы);
    Ғылыми дәрежесі: Қауымдастырылған профессор;
  • Зерттеу бағыты: STEM-білімі, химияны оқыту әдістемесі, педагогикалық білім, жаратылыстану білімі, пәнаралық зерттеулер;
  • Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы: 2 оқулық, 7 халықаралық мақала, 25-тен астам отандық мақала;
  • 2006 жылдан бастап SDU University мекемесінде сабақ береді.

Айгүл Даулетқұлова

  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты;
  • Ғылыми дәрежесі: Қауымдастырылған профессор;
  • Зерттеу бағыты: STEM-білімі, математика пәнін оқыту дидактикасы, педагогикалық зерттеу;
    Авторлық жұмыстары: 4 халықаралық мақала, 40-тан астам ғылыми мақалалар, монографиялар мен оқу құралдары;
  • 2020 жылдан бастап SDU University мекемесінде сабақ береді.

Нұрбол Айдарбаев

  • Brunel University-дың түлегі (Лондон, Ұлыбритания) ;
  • Авторлық жұмыстары: информатика пәні бойынша 3 екі-тілді мектеп оқулығы, 2 әдістемелік нұсқаулық, 2 халықаралық мақала;
  • 2023 жылдан бері SDU University мекемесінде сабақ береді.

Ардақ Артықбаева

  • SDU University мекемесінің түлегі;
  • FLL және FTC бойынша 2 әдістемелік нұсқаулықтың авторы;
  • 2024 жылдан бастап SDU University мекемесінде “Бағдарламалау негіздері”, “STEM және робототехника”, “Алгоритмдер және спорттық бағдарламалау” пәндерінен сабақ береді.

Кімге арналған

Орта білім беру мекемелерінің педагогтеріне

Мақсаты

  • STEM пәндерін кіріктіріп оқыту әдістерін үйрету және оларды практикада тиімді қолдану дағдыларын дамыту;
  • Мұғалімдерді мектептегі STEM-көшбасшысы рөліне дайындау

Күтілетін нәтижелер

  • Білім беру ұйымдарында робототехниканы оқыту дағдыларын меңгереді;
  • FIRST Tech Challenge және FIRST Lego League сияқты робототехника жарыстарға қатысам деушілерді дайындау;
  • STEM пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқыту әдістерін меңгереді;
  • ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен сертификатқа ие болады.

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: