Құттықтаймыз!
SDU University ұжымы Экономика және бизнес кафедрасының оқытушысы Санат Қожахметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (Associate Professor) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды!
PhD Санат Қожахмет – «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Лидс университетінде (Ұлыбритания) магистр дәрежесін, сондай-ақ Малайя университетінде (Малайзия) философия докторы (PhD) дәрежесін алған. Оның ғылыми еңбектері Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін беделді халықаралық журналдарда жарияланып келеді.
Бұл жетістік – университетіміз үшін зор мақтаныш әрі жас ғалымдар үшін үлкен ынталандыру!
Алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!