SDU University-де “Қолданбалы психология” зертханасының ашылуы және 2026 жылғы Ақылдасу алқасының отырысы өтті

SDU University университетінің Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық мектебінде “Қолданбалы психология” білім беру бағдарламасы аясында маңызды екі іс-шара өтті: “Қолданбалы психология” зертханасының ресми ашылуы және 2026 жылғы Ақылдасу алқасының отырысы.

Жаңа зертхана полимодальді терапия бағыттарына арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда арт-терапия, экзистенциялық терапия, тән терапиясы, отбасылық және ойын терапиясы, сондай-ақ когнитивті-мінез-құлықтық терапия бағыттары бойынша практикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бар.

Зертхана нейропсихология, психодиагностика, жас ерекшелік психологиясы, деректерді талдау мен интерпретациялау, мәдени психология пәндері бойынша студенттердің қолданбалы дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Алайда зертхананың басты құндылығы – тек құрал-жабдықтар емес, оны жандандыратын кәсіби мамандар. Ашылу салтанатына психологияның академиялық және практикалық салаларында еңбек етіп жүрген профессорлар, оқытушылар мен практик-мамандар қатысып, жаңа бастамаға қолдау көрсетті. Бұл зертхана – болашақ психологтардың кәсіби қалыптасуына арналған жаңа кеңістік, теория мен практиканы тиімді ұштастыратын маңызды оқу-тәжірибелік алаң.

Зертхана ашылуы аясында Ольга Бисенқызы Тапалова, психология ғылымдарының докторы, профессор, «Клиникалық және әлеуметтік психология» PhD бағдарламасының ғылыми жетекшісі (Abai University), «ҚазҰПУ хабаршысы. Психология» журналының бас редакторы, “Психологическая лаборатория XXI века: от Вундта к психотехнологиям будущего” атты әлемдік және қазақстандық психология ғылымындағы зертханалардың тарихы, рөлі, қазіргі жағдайы мен болашағы жайлы студенттерге арналған семинарын өткізді.

Осы күні SDU University-де “Қолданбалы психология” білім беру бағдарламасының 2026 жылғы Ақылдасу алқасының отырысы да өтті. Кездесу барысында бағдарламаның қазіргі жағдайы, мазмұны, оқу жоспарының құрылымы, зертхананың даму мүмкіндіктері, практикалық даярлықты күшейту, кәсіби стандарттарға сәйкестік және стратегиялық даму бағыттары талқыланды.

Отырыстың ерекше қыры – студенттердің белсенді қатысуы болды. Олар оқу бағдарламасының мазмұны мен практикалық компонентін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ашық білдірді. Талқылау академиялық орта мен практикалық сала өкілдері, әртүрлі психотерапиялық бағыт мамандары және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен кәсіби диалог форматында өтті.

Бұл кездесу SDU University-де ашықтыққа, теңдікке және серіктестікке ұмтылатын мәдениеттің нақты көрінісі болды.

2026 жылғы Ақылдасу алқасының мүшелері

  1. Ольга Бисенқызы Тапалова – Психология ғылымдарының докторы, профессор, «Клиникалық және әлеуметтік психология» PhD бағдарламасының ғылыми жетекшісі (Abai University), «ҚазҰПУ хабаршысы. Психология» журналының бас редакторы.
  2. Надежда Бисенқызы Жиенбаева – Психология ғылымдарының докторы, профессор (Abai University), Диссертациялық кеңес мүшесі (Тұран университеті).
  3. Сергей Владимирович Скляр – Сергей Скляр орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, Жоғары санатты дәрігер, психиатр, психотерапевт, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы (Al-Farabi University), Еуразиялық когнитивті-мінез-құлықтық психотерапия қауымдастығы (ЕАКПП) вице-президенті, Жалпыресейлік кәсіби психотерапиялық лига (ОППЛ) сертификаттаған халықаралық деңгейдегі Балинт топтарының жетекшісі.
  4. Валентина Калбаевна Жумадилова – Психотерапия институтының директоры, Халықаралық деңгейдегі Балинт топтарының сертификатталған жетекшісі, Сергей Скляр орталығының бірлескен құрылтайшысы, психолог.
  5. Манзура Кеңесбекқызы Жолдасова – PhD, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының доценті (Al-Farabi University), Ми институтының ғылыми қызметкері, Республикалық оқу-әдістемелік кеңес мүшесі.
  6. Жанат Амантайқызы Біржанова – Психология ғылымдарының кандидаты, Практикалық психолог, экзистенциялық терапевт.
  7. Асель Мубаракқызы Айтімбетова – практик-психолог (Astana IT University, Мәдени және экзистенциялық психология орталығы)
  8. Диана Ордағұлова – PhD кандидат, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы (Тұран университеті, Abai University).
  9. Ақгүл Құсайынқызы – (Qalam School мектебі, Мәдени және экзистенциялық психология орталығы).

Бұл екі іс-шара SDU University-де “Қолданбалы психология” білім беру бағдарламасының сапалы дамуына, теория мен практиканы ұштастыруға және болашақ мамандарды кәсіби ортаға бейімдеуге бағытталған маңызды қадамдар ретінде бағаланды.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: