ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Орталық туралы

Пәнаралық зерттеу орталығы 2023 жылдың желтоқсанында SDU University-дің қолдауымен ашылды. Біздің орталық — Мультидисциплинарлық білім беру (MDE) бағытындағы барлық пәндердің басын қосып, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған бірегей платформа.

Қазіргі таңда пәнаралық байланыс ұғымы кең қанат жайып, осы бағыттағы зерттеулердің өзектілігі артып келеді. Бүгінгі таңда студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ізденіс жұмыстары көбіне психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, лингвистикалық және цифрлық технологиялар аспектілерін қатар қамтиды. Сондықтан зерттеу жұмыстарының пәнаралық сипатта болуы ғылыми нәтижелердің сапасы мен тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Мақсат пен міндеттер

1) Педагогикалық білімді жетілдіру: Оқыту мен оқудың тиімді әдістерін, білім берудегі психологиялық және педагогикалық теорияларды тереңірек түсіну мақсатында зерттеулер жүргізу. Басты басымдық – педагогика ғылымының дамуына үлес қосу

2) Оқыту тәжірибесін жақсарту: Мектеп бағдарламаларынан бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен қашықтан оқытудың озық тәжірибелерін зерделеу, әзірлеу және тарату

3) Пәнаралық ынтымақтастық: Педагогикалық зерттеулерге жаңа перспективалар енгізу үшін психология, нейроғылым, технология, әлеуметтану және тіл білімі сияқты әртүрлі сала мамандары мен зерттеушілер арасындағы байланысты нығайту

4) Білім беру технологияларының интеграциясы: Технологиялық жетістіктер мен олардың білім беру үдерісіне әсерін бақылай отырып, оқыту технологияларының тиімді интеграциясын зерттеу

5) Бағалау жүйесі: Студенттердің оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында білім беру бағдарламаларының нәтижелерін бағалау әдістерін әзірлеу және жетілдіру

6) Инклюзивті білім беру: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар, әртүрлі мәдени ортадан келген және оқу стилі сан алуан студенттердің білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инклюзивті тәжірибелерді қолға алу

7) Қоғаммен байланыс: Білім беру мәселелерін шешу және қолдау көрсету мақсатында мектептермен, колледждермен және жергілікті қауымдастықтармен бірлескен жобалар жүзеге асыру

8) Зерттеу нәтижелерін тарату: Ғылыми жұмыстарды рецензияланатын журналдарда жариялау, Хирш индексін (h-index) арттыру, халықаралық конференцияларға қатысу, сондай-ақ семинарлар мен вебинарлар арқылы зерттеулерді жұртшылыққа таныстыру

9) Гранттар мен қаржыландыруды тарту: Тұрақты ғылыми бастамаларды қолдау үшін халықаралық, мемлекеттік және ішкі гранттық жобаларға өтінімдер беру

10) Студенттерді ғылымға тарту: Барлық деңгейдегі студенттерге педагогикалық зерттеулермен айналысуға мүмкіндік беріп, олардың болашақ педагог және зерттеуші ретінде дамуын ынталандыру

11) Этикалық мәселелер: Зерттеу барысында этикалық нормаларды, атап айтқанда, жеке мәліметтердің құпиялылығын, деректер қауіпсіздігін және ақпараттандырылған келісім принциптерін сақтауды дамыту

12) Сыртқы ғалымдарды тарту: Халықаралық деңгейдегі жетекші университеттермен Glasgow University және пәнаралық зерттеу орталықтарымен Cambridge University серіктестікті арттыру

13) Үздіксіз білім алу: Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және өмір бойы білім алу (lifelong learning) принциптерін қалыптастыру

Команда

Azat Kali

Азат Қали

Пәнаралық зерттеулер орталығының директоры

Қали Азат Бақытұлы – SDU University мекемесі, «Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «6В01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының координаторы, «Қазақстан тарихшылары ассоциациясының» мүшесі.  
2019 жылдан бері SDU University мекемесінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде MDE орталығында «Гуманитарлық пәндер» координаторы болып, «Ағылшын тілінде тарихымызды тиімді түсіндіру әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша Ішкі жобаны ұтып алған болатын.

Ахметов Әділхан

Орталықтың ассистенті

Жаратылыстану ғылымдары педагогикасы кафедрасының «Жас маман» бағдарламасы бойынша оқытушысы. Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында химия ғылымдары бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі стипендиясының иегері.

Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің экс-министрі және «SDU Жыл белсендісі – 2023» номинациясының иегері. Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясының мүшесі. Сонымен қатар, «КурсАнт» мектебінде мұғалім және оқу ісі жөніндегі орынбасардың ассистенті қызметтерін атқарады.

Қуатбекова Сымбат

Орталықтың ассистенті

SDU University-нің пәнаралық зерттеу орталығының зерттеу ассистенті, “Физика-Информатика” мамандығының студенті. “Елбасы медалінің” иегері, “Дарынды балалар” кітабы мен “Қазақ” газетінде жарияланған. Атырау және Ақтөбе қыздар лицейлерінде физика пәнінен сабақ берді. “ZHASA Club” әлеуметтік медиа маркетинг бөлімінің жетекшісі. “EdCrunchX” конференциясында FutureLearn компаниясының бас директорының жеке көмекшісі және аудармашысы ретінде қызмет атқарды. SDU мен KIMEP университеттерінің бірлескен “Get Connected” жобасына қатысып, алғыс хат иегері атанды.

Жоспар

Жоспарланған іс-шара Мерзімі Жауапты тұлға
Факультеттің ПОҚ ғылыми-практикалық, теориялық семинарлар өткізу
Семестрде бір рет
Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар
Ғылыми семинар
3 айда бір рет
Факультеттің студенттері
Отандық және шетелдік зерттеушілермен бірлескен ғылыми жобаларға қатысу
Жылына бір рет
Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар
Басқа университеттерден әріптестермен бірігіп дөңгелек үстел ұйымдастыру
Жылына бір рет
Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар
«Пәнаралық зерттеу орталығының» тақырыптары аясында Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелген журналдардағы бірлескен жарияланымдар
Жыл бойы
Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар
Басқа университеттердің студенттері мен магистранттарын тағылымдамадан өткізу
Жыл бойы
Студент 4-курс, Магистрант 2-курс

Байланыс

Пәнаралық зерттеу орталығы 

Директор
Қали Азат 
Email:  azat.kali@sdu.edu.kz

Қазақстан Республикасы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: