Зерттеу этикасы
SDU University ғылыми-зерттеу жүргізуде жоғары этикалық құндылықтарды ұстанады. Зерттеу этикасы саясатының мақсаты – зерттеулердің этикалық жүргізілуін қамтамасыз ететін жалпы принциптерін айқындау. Зерттеушілер университеттің ғылыми-зерттеу этикасы ережесімен танысып, зерттеу барысында барлық этикалық ережелер мен талаптаптарды ұстануы тиіс. Университетте адам қатысуымен болатын зерттеулер Белмонт баяндамасында (Зерттелетін адам субъектілерін қорғауға арналған этикалық принциптер мен нұсқаулықтар) белгіленген этикалық қағидаға сәйкес жүргізіледі.
Өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялау кезінде авторлар және осы процеске қатысатын басқа да тараптар COPE (Жарияланым этика комитеті) ұсынған нұсқаулықтарды назарға алуы тиіс. https://publicationethics.org/guidance/Guidelines
SDU Ғылыми-зерттеу этикасы комитетіне өтініш жіберу процедурасы
SDU Ғылыми-зерттеу этикасы комитеті (Комитет) зерттеу процесінде туындауы мүмкін этикалық мәселелер бойынша кері байланыс, ұсыныс және түсіндірме беру үшін жұмыс істейді. Зерттеушілер мен студенттердің өтінімдерін Комитет отырсында қарастырылады. Төменде стандартты этикалық тексеру процедуралары берілген.
Ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңызды немесе зерттеуге барысындағы тәртіп бұзу, этикалық нормаларға жатпайтын іс-әрекет байқаған болсаңыз, хатыңызды rethics@sdu.edu.kz -ке жібере аласыздар.
Өтініш жіберудің стандартты процедурасы:
- Процесті жеңілдету, сонымен қоса ғылыми-зерттеу этика комитетінің тексерісінен өтудің қажеттілігі бар-жоғын түсіну мақсатында қысқаша Өзін-өзі бағалау формасы дайындалды. Алдымен, Өзін-өзі бағалау формасын толтырыңыз.
- Сауалнамаға берген жауаптарыңыздың негізінде сіз сауалнама соңында этикалық тексеру МІНДЕТТІ ЕМЕС немесе этикалық тексеру МІНДЕТТІ және Этикалық тексерісінен өтуге өтінім беру қажет деген жауап аласыз.
- Егер Өзін-өзі бағалау формасының жауабы негізінде этикалық тексеру МІНДЕТТІ болса, Этикалық сараптамаға ұсыну формасын толтырып,өтінішті rethics@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз.
- Егер зерттеуге ересек адамдар қатысатын болса, Жазбаша келісім хат үлгісін пайдалануды ұмытпаңыз. Жасы кәмелетке толмаған (18 жасқа толмаған) қатысушылар үшін осы үлгіні пайдаланыңыз.
- Зерттеу барысында жүргізілетін сауалнама, интервью сұрақтарын тіркеуді ұмытпаңыз.
- Комитетке өтініш келіп түскен соң, техникалық хатшы құжаттарды тексеріп, өтініш берушіге 3 күн ішінде кері байланыс береді.
Өтінімді жібермес бұрын осы нұсқаулықпен танысыңыз!
Докторанттарға арналған этика сараптамасынан өту процедурасы
Докторанттар үшін процедура екі кезеңнен тұрады. Құжаттарды жіберу реті:
- Зерттеу жұмысыңызды бастамастан бұрын (before data collection) Этикалық сараптамаға өтінім ұсыну формасын толтырып, rethics@sdu.edu.kz -ке жіберіңіз.
- Қорғауға шығатын студент, қорғауға шығардың алдында құжаттарды келесідей жіберуі қажет (кафедрада алдын ала қорғаудан өткеннен кейін):
а) Докторанттар декларацияға қол қояды, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді және оларды азайту тәсілдерін өзін-өзі бағалай отырып, әдістемені толық түсіндіреді (дипломдық жұмыстың әдістеме бөлігінің негізінде «Этикалық тәуекелді бағалау» деп аталатын жеке құжат болуы қажет). Этикалық нормаға қарсы іс-әрекет болған жағдайда, ғылыми- зерттеу этикасы жөніндегі комитет өтінімді қабылдамайды және тәртіптік шараларды ұсынады.
ә) Докторанттар
(1) диссертацияның толық мәтінін;
(2) докторантурада жарияланған мақалалардың толық мәтінін ұсынады.
б) Қазақстандық ғылыми жетекші диссертация мен мақалалардың Turnitin көрсеткішін жіберіп, диссертация плагиат және этикалық талаптарға қайшы емес екендігін дәлелдеп, декларацияға қол кояды.
Ғылыми- зерттеу этикасы комитеті отырысының күтізбесі және өтінім беру мерзімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді: күнтізбе
Маңызды ескертулер:
— Қорғау алдында қажет ететін өтініміңізді комитет мақұлдағаннан кейін докторлық диссертацияны қорғауға қажетті анықтаманы толтырып, rethics@sdu.edu.kz эл.поштасына жіберуіңіз қажет.
— Этикалық рұқсат алу ұзақ уақыт алуы мүмкін екенін ескеріңіз (бірнеше аптаға дейін).
* Бұл министрліктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес PhD студенттерге қойылатын қосымша талап. PhD студенттері де жоғарыда көрсетілгендей деректерді жинауды бастамас бұрын стандартты процедуралардан өтуі қажет.
ЭТИКАЛЫҚ САРАПТАМА ФОРМАСЫн толтыруға қойылатын талаптар:
- Барлық пункттерді дұрыс және толық толтырғаныңызға көз жеткізіңіз.
- Research Design and Methodology бөлімі анық жазылуы қажет. Этикалық бұзушылықтарды анықтау үшін, методология анық болуы шарт. Анық болмаған жағдайда, жұмысыңыз қайтарылады, қайта қарастыру бір айдан ұзақ уақыт алуы мүмкін.
Пайдалы ресурстар
Жазбаша келісім хат үлгісі
Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының/қамқоршыларының келсімі
Авторларға арналған этика
Ғылыми журналға сенім деңгейін бағалау
Зерттеулер мен жарияланымдар этикасына сәйкестік бойынша автордың декларациясы
Докторлық диссертацияға арналған этика декларациясы
Семинар бейнежазбалары
Зерттеу этикасы процедуралары
Эксперименттік дизайн
Зерттеу этикасы комитеті отырысының күтізбесі және өтінім беру мерзімі келесі сілтеме бойынша қолжетімді: күнтізбе
Маңызды ескертулер:
— Қорғау алдында қажет ететін өтініміңізді комитет мақұлдағаннан кейін докторлық диссертацияны қорғауға қажетті анықтаманы толтырып, rethics@sdu.edu.kz эл.поштасына жіберуіңіз қажет.
— Этикалық рұқсат алу ұзақ уақыт алуы мүмкін екенін ескеріңіз (бірнеше аптаға дейін). Сондықтан біз ертерек жіберілген өтінімдерді құптаймыз.
* Бұл министрліктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес PhD студенттерге қойылатын қосымша талап. PhD студенттері де жоғарыда көрсетілгендей деректерді жинауды бастамас бұрын стандартты процедуралардан өтуі қажет.
ЭТИКА ТЕКСЕРУ ФОРМАСЫНа толтыруға қойылатын талаптар:
1. Барлық пункттерді дұрыс және толыққанды толтырғаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Research Design and Methodology анық жазылуы қажет. Этикалық бұзушылықтарды анықтау үшін, методология анық болуы шарт. Анық болмаған жағдайда, жұмысыңыз қайтарылады, қайта қарастыру бір айдан артық уақыт алуы мүмкін.
Пайдалы ресурстар
Жазбаша мәлімдеу келісім-хат үлгісі
Кәмелетке толмағандардың ата-аналарының/қамқоршыларының келісімі
Жарияламас бұрын журналдарды тексеріңіз
Зерттеулер мен жарияланымдар этикасына сәйкестік декларациясы
Cеминарлар бейнежазбалары