Кайрат Молдашев қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды
SDU University ғалымы Кайрат Молдашев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен 50200 – «Экономика және бизнес» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.
Кайрат Молдашев 2022 жылдан бері SDU University-дің «Экономика және бизнес» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді. Ол – Экономика мамандығы бойынша философия докторы (PhD). Ғалымның ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 15 жылды құрайды. Оның зерттеу еңбектері Scopus дерекқорына енген беделді халықаралық ғылыми журналдарда тұрақты түрде жарияланып келеді.
SDU University ұжымы Кайрат Молдашевті осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейді.
