SDU University қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова Найля Базанова атындағы мәртебелі марапатқа ие болды
SDU University Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің қауымдастырылған профессоры Дина Бакранова Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы табыстайтын мәртебелі Найля Базанова атындағы марапатқа ие болды.
Бұл марапат Қазақстанның тұңғыш әйел-академигі, физиология ғылымының негізін салушы Найля Базанованың (1911–1993) құрметіне ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарға беріледі.
Марапаттау рәсімі Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, ғылым мен технологияның дамуына әйелдердің қосып отырған маңызды үлесін айқындай түсті.
SDU University қауымдастығы Дина Бакранованы осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми қызметіне жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейді.






Previous
Next
