«Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауына өтінім қабылдау басталады
«Dauletten» қайырымдылық қоры студенттерге арналған «Білімнің жұлдызы» шәкіртақы байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Аталған жоба білімді, белсенді және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жастарды қолдауға бағытталған.
2026 жылы байқау аясында 200 студентке 100 000 теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы тағайындалады.
Байқауға қатысу үшін келесі талаптарға сай болуы қажет:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Колледж немесе жоғары оқу орнының 1–3 курс студенті болуы;
- Күндізгі бөлімде, ақылы негізде білім алуы;
- Оқу үлгерімі жақсы немесе өте жақсы болуы:
– ЖОО үшін GPA ≥ 2.5;
– колледж үшін GPA ≥ 3.0; - Әлеуметтік санаттардың біріне жатуы (көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасы және т.б.).
Өтінім беру тәртібі:
- Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуір сағат 09:00-ден 17 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады;
- Өтінімдер www.dauletten.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде жіберіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Оқу орнынан анықтама;
- Транскрипт немесе үлгерім құжаты;
- Әлеуметтік жағдайды растайтын құжаттар;
- Жетістіктерді растайтын құжаттар (сертификаттар, дипломдар);
- «Мен неге бұл шәкіртақыға лайықпын?» тақырыбында 150–300 сөздік мотивациялық хат.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеуден өткен қатысушылар екінші кезеңде онлайн сұхбаттасудан өтеді. Ұйымдастырушылар құжаттарды толық әрі талаптарға сәйкес ұсыну қажеттігін ескертеді.
Толық ақпарат байқаудың ресми сайтында қолжетімді.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
