Босаған бос білім беру грантына өтініш қабылдау басталды
Құрметті білімгерлер!
SDU University-де босаған бос білім беру грантына өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Өтініш беру үшін келесі талаптар сақталуы тиіс:
- Өтінішті тек ақылы негізде білім алып жатқан білімгерлер ғана бере алады;
- Білімгер Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет;
- Барлық оқу кезеңіндегі ең төменгі орташа үлгерім балы (GPA) 2,5-тен жоғары болуы тиіс;
- Академиялық үлгерімінде «F» бағасы бар білімгерлер конкурсқа қатыса алмайды;
- Өтініш төменде тіркелген файлда көрсетілген үлгіге сәйкес рәсімделуі қажет;
- «Босаған бос білім беру гранты» бойынша Google-форма міндетті түрде толтырылуы тиіс. Форманы толтыру кезінде деректердің дұрыстығына мұқият болуды сұраймыз, себебі қате немесе толық емес ақпарат өтініштің қабылданбауына әкелуі мүмкін.
Өтініштер 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Назар аударыңыз: көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтініштер қаралмайды.
