Қазақстандағы эндаумент-қорлардың дамуына серпін: Алматыда IV кәсіби кездесу өтті
2025 жылғы 17–18 қараша күндері Алматы Технологиялық университетінде (Almaty Technical University) еліміздің эндаумент-қорлары үшін маңызды алаңға айналған IV кәсіби кездесу өтті. Іс-шара эндаумент-қорларды құру, басқару және инвестициялау тәжірибесіне арналды, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей мамандары арасында кәсіби диалог құруға мүмкіндік берді.
Кездесудің маңызды сәттерінің бірі — 17 қарашада SDU University мен «Аврора-Ала» корпоративтік қоры арасында Ынтымақтастық туралы меморандумның ресми түрде жасалуы болды. Бұл құжат тараптардың эндаумент саласындағы әлеуетті дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестігінің негізін қалайды.
Меморандум аясында SDU Extension School мен «Аврора-Ала» қоры бірлесіп әзірлеп жатқан эндаументтерді құру және басқару жөніндегі жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылатын болады. Жоба мамандарды дайындаудың жаңа форматтағы үлгісі ретінде ұсынылып, халықаралық үздік тәжірибелерді қазақстандық құқықтық және институционалдық контекстке бейімдеуді көздейді.
Бұл курс — білім, тәжірибе және стратегиялық серіктестіктің тоғысуы арқылы жаңа кәсіби экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бағдарламаның негізгі мақсаты — тыңдаушыларға заманауи білім беріп қана қоймай, оны қазақстандық ұйымдардың нақты қажеттіліктеріне бейімделген практикалық құралдармен толықтыру.
SDU University мен «Аврора-Ала» қоры арасындағы серіктестік еліміздегі эндаумент-қорлар жүйесінің дамуына жаңа серпін беріп, тұрақты қаржыландыру мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.




