ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ
БІЛІМ БЕРУ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Орталық туралы

Әлеуметтік және Инклюзивті білім беру зерттеу орталығы мақсаты әлеуметтік және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, олардың нәтижелерін кеңінен тарату және ғылыми негізделген білім беру арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосу. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін орталық білім беру саласындағы білікті мамандар мен сарапшылар, жас ғалымдар және зерттеушілерден құралған команда арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар шетелдік және отандық ғылыми-зерттеу орталықтарымен, білім беру мекемелерімен және әлеуметтік институттармен ынтымақтастық орнату; оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру; сондай-ақ конференциялар мен семинарлар өткізу жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыруда.

Мақсат пен міндеттер

1) Балалардың қауіпсіз ортада сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз ететін Әлеуметтік және Инклюзивті білім беру жүйесін танымал ету
2) Білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың (әсіресе, Ерекше қажеттілігі бар) әлеуметтік бейімделуін, отбасы-мектеп-оқушы арасындағы позитивті қатынас құруды, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмыстарын қолдау
3) Білім беру мекемелеріндегі оқытушыларды кәсіби қолдау және біліктілікті арттыру жұмыстарын жүзеге асыру; Орталық пен білім беру мекемелері, ғылыми зерттеу орталықтарымен серіктестік пен ынтымақтастық орнату
4) Қоғамдағы әлеуметтік және инклюзивті білім беру туралы түсінік қалыптастыру, қолдау және қызығушылық арттыру мақсатында педагогикалық ағартушылық жұмыстарын жүргізу
5) Әлеуметтік және инклюзивті білім беруді енгізу мақсатында ПМПК, ресурстық орталықтар, ата-аналармен қатынас құру
6) Әлеуметтік және инклюзивті білім беру саласындағы нормативті құжаттарға өзгерістер енгізуде белсінділік таныту

Команда

Сүлеймен Мәдина

Жетекші

СДУ университетінде оқытушы, әрі зерттеуші қызметін атқарады. Ол бірнеше әлеуметтік және ғылыми жобалардың авторы. Оның зерттеу бағыттары балалардың әлеуметтенуі мен ортаға бейімделуі, менталды және әлеуметтік денсаулық, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларды оқыту мен қолдаудың ерекшеліктерін қамтиды.

Зерттеу бағыттары: Әлеуметтік білім беру, Инклюзивті білім беру, әлеуметтену, бала құқығы

Orcid ID 0000-0002-3252-7881

 

Роллан Камила

Ғылыми кеңесші

Кембридж университетінің білім беру саласындағы PhD докторы. Ол білім беру мен мәдениетке қолжетімділік пен инклюзия бойынша тәуелсіз кеңесші. Оның зерттеулері инклюзивті білім беру мен көшбасшылыққа бағытталған.

Зерттеу бағыттары: Инклюзивті білім беру, мүгедектік, қолжетімділік, білім беру саясаты

Orcid ID 0000-0002-3063-9556

Ертаргынкызы Динара

Аға ғылыми қызметкер

PhD, Ассистент-профессор. Ол балалар мен ата-аналарды психологиялық қолдау, қолайлы орта қалыптастыру аясында зерттеу жүргізеді. Сонымен қатар оқытушылардың ғылыми біліктілігін арттыру бойынша эксперт.

Зерттеу бағыттары: Эмоционалды интеллект, эмоционалды қолдау, кеңес беру, алдын алу, буллинг

Orcid ID 0000-0003-0269-4010

Солтиева Айғаным

Аға ғылыми қызметкер

Компьютерлік ғылымдар саласында докторлық білім алып жатқан, ұлттық және университеттік гранттардың иегері, халықаралық академиялық тәжірибесі бар, виртуалды және кеңейтілген шындық, адам–компьютер өзара әрекеттестігі және аутизм спектрінің бұзылысы бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін аға оқытушы.2019 жылдан бері SDU University мекемесінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде MDE орталығында «Гуманитарлық пәндер» координаторы болып, «Ағылшын тілінде тарихымызды тиімді түсіндіру әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша Ішкі жобаны ұтып алған болатын.

Зерттеу бағыттары: Виртуалды және кеңейтілген шындық, адам–компьютер өзара әрекеттестігі, аутизм спектрінің бұзылысы

Orcid ID 0000-0002-8178-6871

Жолдасбек Кәмшат

Кіші ғылыми қызметкер

АҚШ-та спорт секторында инклюзивтілікті қалыптастыру бойынша тағылымдамадан өтті. Дарынды балалар жайлы, ЖОО инклюзивтілік саясаты туралы зерттеу жүргізеді. “SDU University” мекемесінде “Инклюзивті білім беру” курсын жүргізеді.

Зерттеу бағыттары: Дарынды балалар, инклюзивтілік саясаты, студенттер теңдігі

Orcid ID 0009-0002-8136-0624

Анес Анель

Орталықтың ассистенті

Зерттеу бағыттары: Аутизм, әлеуметтік педагогика

Жоспар

Жоспарланған іс-шара Мерзімі Тіркелу сілтемесі
Science Talks: All about Inclusion, 2024, SDU
-
-
Inclusive Camp for All
-
-
Belt and Road 2025 Special Education Conference, EduHK
-
-
Science Talks: All about Inclusion, 2025, SDU
14.04.2026
-
Exhibition
14.04.2026
-
Academic study tour
-
-

Кәсіби оқыту және кеңес беру

  • Ата-аналар мен оқытушыларға арналған психологиялық тренингтер мен семинарлар
  • Инклюзивті білім беру аясында оқытушылар мен білім беру мекемелері үшін: Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау
  • Инклюзивті оқыту әдістері мен стратегияларын оқу процесіне және мектеп саясатына енгізу және жүзеге асыру
  • Оқу материалдарын және технологияларды бейімдеу бойынша кеңестер

Жобалар

Жобаның мақсаты – аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалардың ата-аналары мен қамқоршыларына АСБ-ның негізгі аспектілерін түсініп қана қоймай, балаға қолдау көрсетуге және оны жақсырақ тануға мүмкіндік беретін практикалық құралдар, кеңестер мен стратегияларды ұсыну. Сайт “IRN № BR18574199 – Аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік-білім беру ортасына кешенді қолдау негізінде интеграциялау: сын-қатерлер мен артықшылықтар” жобасының нәтижесінде құрастырылды.

Толық мәлімет алу үшін: https://autismbirge.kz/

Ғылыми жұмыстың мақсаты – университет қызметкерлері арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың аналарының күйзеліс деңгейін анықтап, эмоционалдық қолдау көрсету болды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың аналарына эмоционалдық қолдау көрсету, күйзелісін төмендету, өмірге оптимистік көзқарас қалыптастыру мақсатында AMOR атты интервенцияның бағдарламасы құрастырылып, жүргізілді. AMOR (Acceptance, Mindfulness, Optimism, Resilience) топтық терапиясы ұзақтығы 12 сағатқа, 4 сессияға созылды. Әр сессия 3 сағаттан тұрып, мазмұны қабылдау, саналылық, оптимизм, тұрақтылық секілді тақырыптардан тұрды.

Серіктестер

Байланыс

Әлеуметтік және инклюзивті білім беру зерттеу орталығы

Директор
Мәдина Сүлеймен
Email: madina.suleimen@sdu.edu.kz

Қазақстан Республикасы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 1/1, E block, 02-F

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: