ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ (CARC)
Орталық туралы

2019 жылы құрылған SDU Орталық Азияны зерттеу орталығы (CARC) – Орталық Азия аймағындағы құқық, медиа және халықаралық қатынастар салаларында білім мен түсінікті тереңдетуге ұмтылатын ғылыми орталық.
Біздің арнаулы зерттеушілер тобы SDU университетінің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді атсалысып, құқық, халықаралық қатынастар, медиа және журналистика салаларындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударады.
Мақсаттары мен міндеттері
Орталықтың басты мақсаты – аймақтың дамуына серпін беретін құнды талдаулар мен ұсыныстар әзірлеу.
Орталық сала бойынша белсенді зерттеушілермен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнату арқылы ғылыми желіні кеңейтіп, Орталық Азияға қатысты түсінікті тереңдете түсуді көздейді. Сонымен қатар, аймақтың мәдениеті мен өнер салт-дәстүрлерін әлемдік ғылыми шеңберге ұсыну арқылы әртүрлі көзқарастар арасындағы академиялық диалог пен ғылыми мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
Осы мақсатта орталық әр екі жыл сайын өңірге қатысты тың тақырыптарды зерделей отырып, International Conference on Law and Social Sciences (ICLSS) атты халықаралық конференцияны өткізіп келеді. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап журналистика мен медиа саласының зерттеушілеріне арналған SDU Journal of Media Studies және құқық саласындағы мамандар мен ғалымдарға арналған SDU Law Journal атты ғылыми журналдарды жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз.
Ислам Супыалдияров
Ғылыми орталық директоры
Ислам Супыалдияров — SDU University Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының Аға оқытушысы, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD кандидаты. Оның ғылыми қызығушылықтары Орталық Азия геосаясаты, ірі державалар арасындағы бәсекелестік және өңірдің саяси экономикасы мәселелерін қамтиды, соның ішінде Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы стратегиялық бәсекесіне ерекше назар аударады. Ол жетекші академиялық және аналитикалық институттарда зерттеу және саясатқа бағытталған тәжірибеден өткен, соның ішінде Ресей Ғылым Академиясының Демографиялық зерттеулер институтында ғылыми тағылымдамадан өткен және Central Asia Barometer жобасы аясында қолданбалы зерттеулерге қатысқан. Ол геосаясат, қауіпсіздік және өңірлік билік динамикасы тақырыптарына арналған ОБСЕ Академиясының (Бішкек) және Варшава университетінің халықаралық жазғы мектептері мен кәсіби оқу бағдарламаларына қатысқан. Оның ғылыми еңбектері рецензияланатын академиялық журналдарда жарияланған. Ол саяси ғылым саласындағы Praghna үнді ғылыми қоры тағайындаған В. Раджаманикам атындағы ғылыми сыйлықтың иегері. Қазіргі уақытта Орталық Азия зерттеу орталығында пәнаралық зерттеу бастамалары мен халықаралық академиялық әріптестікті үйлестіреді.
Дурдона Юсупова
Ғылыми қызметкер
Дурдона Юсупова – SDU Университетінің Аға Оқытушысы және Нархоз Университетінің Мемлекеттік Басқару Ғылымдарының PhD Кандидаты. Жапонияның Халықаралық Университетінде Халықаралық Қатынастар Магистрі дәрежесін алған. Оның ғылыми қызығушылықтары инклюзивті білім беру саясаты, мемлекеттік басқару, әртүрлілік және адам құқықтары, сондай-ақ аймақтану, постколониализм және отаршылдықтан кейінгі саясат пен білім өндірісіне көзқарастар. Оның зерттеулері Қазақстандағы білім беруді инклюзивті басқаруға бағытталған және оның жұмысы ұлттық және халықаралық журналдарда және конференция материалдарында жарияланған. Ол халықаралық академиялық конференцияларда өз зерттеулерін ұсынды және Уппсала Университетінде (Швеция) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар ол халықаралық қатынастар және жаһандық басқару курстарынан сабақ береді.
Әлия Анипина
Аға ғылыми қызметкер
Әлия Анипина — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ассистент-профессоры. 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғады. Ғылыми қызығушылықтары шығыстану филологиясы (қытай тілі), аударматану, лексикология және лингвомәдениеттануды қамтиды. Ол үш оқулықтың және бес сөздік пен сөйлесу құралдарының авторы. 2016 жылы Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп қазақша-қытайша және қытайша-қазақша сөйлесу кітабын әзірлеуге қатысқан. Ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін 2024 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Майгүл Әбілова
Аға ғылыми қызметкер
Майгүл Әбілова – Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі, Құқықтану мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесіне ие. Оның ғылыми қызығушылықтары азаматтық құқық, халықаралық жеке құқық, халықаралық сауда шарттары, халықаралық коммерциялық арбитражды қамтиды. Майгүл Әбілованың жарияланымдары шетелдік элементі бар дауларды шешуде коллизиялық нормаларды қолдану және қолданылатын құқықты анықтау мәселелеріне арналған. Әбілова 36 еңбектің, соның ішінде монографияның авторы, әрі оның еңбектері қазақстандық және халықаралық басылымдарда, конференция материалдарында жарық көрген. Ол оқытушылық және ғылыми қызметін мамандығы бойынша практикалық жұмыспен ұштастырады.
Шатлық Аманов
Аға ғылыми қызметкер
Шатлық Аманов SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасында 2017 жылдан бері Ассистент профессор лауазымында қызмет етіп келеді. Мемлекеттік саясат мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын үздік бітіргеннен кейін, ол жеке секторда бірнеше басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық, қауіпсіздік зерттеулері, салыстырмалы саясат және дипломатия бойынша пәндерден сабақ береді. Оның зерттеу қызығушылықтары сыртқы саясат, халықаралық ұйымдар, салыстырмалы саясат және аймақтану салаларына бағытталған. Оның соңғы жарияланымдарына Routledge (2024) баспасынан шыққан “Үндістанның жаһандық оңтүстіктегі өсуі және INSTC: Оңтүстік−Оңтүстік ынтымақтастығы 3.0 моделінен алатын ойлар” және SDU университеті (2020) басып шығарған “Қазақстанның сыртқы саясаты және адам құқықтары” атты кітап тарауы, сондай-ақ Journal of Globalization Studies журналында “ЕАЭО-ның ғаламдық мәселелер бойынша сыртқы конвергенциясы: БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс беру, 2000–2020” және ҚазҰУ Хабаршысында “1990-жылдардың ортасындағы Оңтүстік Кавказ халқының демократиялық бағдарлары” атты бірнеше ғылыми мақалалар жатады. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты туралы зерттеу мақаласын жазуда.
Марат Естемиров
Аға ғылыми қызметкер
Марат Естемиров – СДУ Университеті, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры. Оның жоғары оқу орындарындағы оқытушылық қызметінен тыс жеке компанияларда заңгер ретінде жұмыс істеген тәжірибесі бар. Марат Естемиров PhD докторы дәрежесін 2018 жылы алды. Оның ғылыми ізденіс жүргізетін бағытары Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, корпоративтік құқығы, банкроттық құқығы салаларын қамтиды. Ол Италия, Түркия, Ресей, Германия жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамалардан өтті.
Сергей Голунов
Аға ғылыми қызметкер
Сергей Голунов Нижний Новгород мемлекеттік университетінде докторлық дәрежеге ие болды. Өзінің ғылыми қызметінде ол Алматы Менеджмент Университетінде, МГИМО университетінде (Ресей), Кюсю университетінде (Жапония) және Волгоград мемлекеттік университетінде профессор лауазымдарында жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Сергей Голунов Ресей Ғылым Академиясы жанындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының жетекші ғылыми қызметкері, Тарту университетінің (Эстония) ғылыми қызметкері және Дарем университетінде (Ұлыбритания) Marie Curie бағдарламасы бойынша зерттеуші болып жұмыс істеген. Ол шамамен 200 ғылыми еңбектің, соның ішінде бірнеше монографияның авторы, олардың ішінде “ЕО-Ресей шекара қауіпсіздігі: сын-қатерлер мен шешімдер” (Routledge, 2012), “Жасырын мәселе: Ресей университеттеріндегі сыбайлас жемқорлық және алаяқтық” (Ibidem, 2014) және “Ресей-Қазақстан шекарасы: қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелері” (Волгоград мемлекеттік университеті, 2005) атты еңбектері бар. Оның ғылыми зерттеулері шекаралық зерттеулерге, әсіресе трансшекаралық ынтымақтастыққа және энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты дәстүрлі емес қауіпсіздік мәселелеріне бағытталған. Өзінің ғылыми қызметінде доктор Голунов көптеген халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, беделді гранттарға ие болды. Оның ішінде Еуропалық Одақтың Marie Curie бағдарламасы, Fulbright бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресей ғылым қорының гранттары және басқа да гранттар бар.
Ғалым Жүсіпбек
Аға ғылыми қызметкер
Ғалым Жүсіпбек – Қазақстандағы SDU университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ол PhD дәрежесін Анкара университетінің Саясаттану факультетінен алды. Оның докторлық диссертациясы сыни теориялар/неограмшиандық көзқарас, Еуропа және Еуразия қауіпсіздігі, сондай-ақ ориентализм тақырыптарына арналған. Ғалым Жүсіпбектің ғылыми қызығушылықтары сыни теориялар, сыни реализм, адам құқықтарының теориялық негіздері, инклюзивті даму, «мұсылман әлеміндегі» идеялық бағыттар, әйелдер құқықтары, балалар құқықтары және деколониялық көзқарасты қамтиды.
Есенгүл Қап
Аға ғылыми қызметкер
Есенгүл Қап – SDU-дің ассистент профессоры және «Мінбер» журналистика шеберлігі орталығының басшысы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде халықаралық және мультимедиялық журналистика бойынша магистр дәрежесін алған. Журналистикада жиырма жылға жуық тәжірибесі бар Есенгүл Қап әртүрлі
басылымдарда жұмыс істеді, соның ішінде «Шалқар» (1994-1998), «Қазақ елі» (1998-1999) және «Түркістан» (1999-2014) газеттерінде. Сонымен қатар, ол BBC-дің қазақ қызметімен (2004-2006) және Радио Азаттық/Радио Свободная Европа-ның қазақ қызметімен (2008-2012) фрилансер ретінде ынтымақтасқан. Есенгүл Қап алғашқы қазақ онлайн жаңалықтар сайты www.tarlan.kz-тің (2002-2004) негізін қалады және кейінірек екі жаңалықтар сайтына жетекшілік етті: turkystan.kz (2009-2014) және minber.kz (2009 жылдан бастап). Ол қазір де «Мінбер» журналистика шеберлігі орталығын басқарып, қазақ журналистерінің кәсібилігін арттыруға арналған 50-ге жуық семинар ұйымдастырды. Оның зерттеу қызығушылықтарына медиаэтика, медиақұқық, медиасауаттылық және сын тұрғысынан дискурс талдау жатады.
Асылзат Қарабаева
Қосымша аға ғылыми қызметкер
Асылзат Қарабаева Жапонияның Халықаралық университетінде халықаралық қатынастар бойынша PhD дәрежесін алды. Оның зерттеулері негізінен Еуразиядағы аймақтық құрылыс процестерін шектеу және нығайтудағы нормалардың (идеялар, сәйкестік және мәдениет) рөліне бағытталған. Оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар. Асылзат Қарабаева сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен басқа да шетел үкіметтері мен халықаралық институттар (ДСҰ, ITC, ЮНКТАД, ДЗМҰ, АСЕАН және Еуразиялық экономикалық комиссия) арасындағы келіссөздер үдерісімен айналысты. Ол Джордж Вашингтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтында шақырылған ғалым болды және SDU университетінде және КИМЭП университетінде (Алматы), сондай-ақ Ниигата префектурасындағы Жапонияның Халықаралық университетінде дәріс оқыды.
Айжан Копбаева
Аға ғылыми қызметкер
Асылзат Қарабаева Жапонияның Халықаралық университетінде халықаралық қатынастар бойынша PhD дәрежесін алды. Оның зерттеулері негізінен Еуразиядағы аймақтық құрылыс процестерін шектеу және нығайтудағы нормалардың (идеялар, сәйкестік және мәдениет) рөліне бағытталған. Оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар. Асылзат Қарабаева сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен басқа да шетел үкіметтері мен халықаралық институттар (ДСҰ, ITC, ЮНКТАД, ДЗМҰ, АСЕАН және Еуразиялық экономикалық комиссия) арасындағы келіссөздер үдерісімен айналысты. Ол Джордж Вашингтон университетінің Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтында шақырылған ғалым болды және SDU университетінде және КИМЭП университетінде (Алматы), сондай-ақ Ниигата префектурасындағы Жапонияның Халықаралық университетінде дәріс оқыды.
Айзада Нуридденова
Аға ғылыми қызметкер
Айзада Нуридденова – SDU университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ассистент профессоры. Ол Қытайдағы Цзилинь университетінен Қытайдың сыртқы саясатына маманданған халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы дәрежесіне алды. 2023-2024 оқу жылында Джордж Вашингтон университеті жанындағы Еуропа, Ресей және Еуразиялық зерттеулер институтының (IERES) Орталық Азия бағдарламасының (CAP) шақырылған зерттеушісі болды. Оның ғылыми қызығушылықтары Қытайдың сыртқы саясаты мен Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастыққа бағытталған.
Дархан Орынбасаров
Ғылыми қызметкер
Дархан Орынбасаров – зерттеуші, SDU университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің аға оқытушысы және Нархоз университетінің докторанты. Ол 2011 жылы SDU университетінде магистр дәрежесін алған және 2009 жылдан бастап халықаралық қатынастар мен халықаралық құқық бойынша курстар жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта ол құқық саласында соның ішінде, Ағылшын жария құқығының негіздері, Құқыққа кіріспе және әртүрлі құқық модульдерінен сабақ беріп келеді. Оның ғылыми қызығушылықтары адам құқықтары әсіресе, инклюзивті білім беру, сыртқы саясат, мемлекеттік саясат және аймақтық зерттеулерге бағытталған. Оның соңғы жарияланымдарына келесілер кіреді: Environmental Development журналында жарық көрген «Гидроэнергия Еуропалық Одақ елдерінде CO2 шығарындыларын азайтуға көмектесе ме? Квантильді бағалаудан алынған мәліметтер» (2023), «Жаһандану және гуманитарлық қорғау: қарулы қақтығыс құқығында әскери қажеттілік қағидасы» (2021), Journal of Economic Research & Business Administration журналында жарияланған «Алматыдағы мүгедек жұмыс күшін қолдау: инклюзивті еңбек нарығына бағытталған әрекет» (2024) және Routledge басылымындағы «Қазақстан үшін көпвекторлы энергетикалық стратегияның маңызы» атты кітап тарауы (2024).
Мадияр Саудбаев
Аға ғылыми қызметкер
Мадияр Саулбаев SDU University, Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде ассистент профессор. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика және бұқаралық коммуникация мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды және Стамбул университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми зерттеулері бұқаралық коммуникация, цифрлық медиа және білім беру саласындағы инновациялық педагогикалық тәсілдерді біріктіруге бағытталған. Қазіргі уақытта ол SDU университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы қызметінің аясында академиялық жетістіктерді дамытуда, пәнаралық зерттеулерді ілгерілетуде және институционалдық өсуді қамтамасыз ететін стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесін көрсетуде.
Самат Уралбаев
Ғылыми қызметкер
Самат Уралбаев — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы. Ол Ухань университетінде (Қытай) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD докторанты. Бакалавр және магистр дәрежелерін Абылай хан университетінде алған, онда 2020–2025 жылдары аға оқытушы, декан орынбасары және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2023–2024 оқу жылында «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Миннесота университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтті. Ғылыми қызығушылықтары Қытай–Орталық Азия ынтымақтастығы, аймақтық саясат, геосаясат пен геоэкономика, халықаралық ұйымдар, мәдени зерттеулер және жоғары білімді интернационалдандыруды қамтиды.
Қатира Қарымсакова
Ғылыми қызметкер
Қатира Қарымсакова — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Франциядағы Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтында (INALCO) PhD докторант. Магистр дәрежесін Сорбонна–Қазақстан институтында және Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде алған. Қатира француз тілін халықаралық қатынастар саласында оқытады. Оның ғылыми қызығушылықтары қазіргі және жаңа дәуірдегі Орталық Азия тарихы мен өркениетін, саяси процестерді, мәдениетаралық байланыстарды, отарлық кезеңнен тәуелсіздікке дейінгі ислам мен радикалданудың әлеуметтік қабылдануын, сондай-ақ Орталық Азия білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәсілдерді зерттеуді қамтиды.
Айкерим Алимжанова
Аға ғылыми қызметкер
Мадияр Саулбаев SDU University, Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде ассистент профессор. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика және бұқаралық коммуникация мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды және Стамбул университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми зерттеулері бұқаралық коммуникация, цифрлық медиа және білім беру саласындағы инновациялық педагогикалық тәсілдерді біріктіруге бағытталған. Қазіргі уақытта ол SDU университетінің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы қызметінің аясында академиялық жетістіктерді дамытуда, пәнаралық зерттеулерді ілгерілетуде және институционалдық өсуді қамтамасыз ететін стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесін көрсетуде.
Мерием Сюрмен
Ғылыми қызметкер
Мерием Сюрмен – Қазақстандағы SDU университетінің әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы және халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының координаторы. Ол Глазго университетінің, Тарту университетінің және Ягеллон университетінің Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеулері бойынша халықаралық магистр дәрежесіне ие. Оның ғылыми қызығушылықтары миграция және естеліктер саясатына бағытталған.
Сұлтан Жиенбаев
Ассистент координатор
Сұлтан Жиенбаев — SDU университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ассистент-оқытушысы. Оның академиялық бағыты Орталық Азия мен Таяу Шығыс саясаты, регионализм және мемлекет құру үдерістерін қамтиды. Ол ғылыми конференцияларды ұйымдастыруға және сыни ойлауды дамытуға бағытталған оқу курстарын әзірлеуге қатысқан. Зерттеу қызығушылықтары саяси мәдениет, тарихи нарративтер және Қазақстанның сыртқы саясатына бағытталған. Сонымен қатар аймақтық зерттеулер саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында шет тілдерін тереңдетіп оқып жүр.
Жұмыс жоспары
Title of the work and main stages | Term (start-end) |
Meeting with Royal Thai Embassy and the Institute of Asian Studies, Chulalongkorn University | October 3 |
Guest lecture by Glenn Zyzanski, First Secretary at the Embassy of Canada to Kazakhstan, Kyrgyz Republic, Tajikistan, Turkmenistan, and Uzbekistan | October 9 |
Internship program | October |
Launch of CARC Working Paper Series | September-June |
Research Collaboration Workshops | October |
Session with SDU faculty members on how to publish in Scopus-indexed journals | November |
Student research conference | November-December |
Thesis writing session for Social Sciences students (with CARC members) | November-December |
Thesis writing session for Law students (with CARC members) | November-December |
Research seminar with Galym Zhussipbek | February |
Research seminar with Sergei Golunov | March |
Visiting Scholar Program (Pilot) | March |
Summer School 2026 on Central Asian Studies (in partnership with a collaborating institute, TBA) | August |
Серіктестер

Азия зерттеулері институты, Чулалонгкорн университеті
![]()
«Heartland» сараптамалық-талдау орталығы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің
«Философия, саясаттану және дінтану институты»
Байланыс
SDU Орталық Азия зерттеу орталығы Қаскелең, Абылай хан көш., 1/1 | Директор Ислам Супыалдияров |
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі Орталық Азия зерттеу орталығы (CARC) SDU университеті магистрантура, бакалавриат бағдарламалары студенттерін және зерттеуге қызығушылығы бар 25 жасқа дейінгі SDU университетінің жас қызметкерлерін зерттеу жобаларын әзірлеп, өз жұмыстарын таныстырып, пікір алмасуға шақырады. Конференция 2024 жылғы 21 қарашада Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінде офлайн түрде өтеді.
Конференцияның мақсаты – жас зерттеушілерге зерттеу жобаларын әзірлеуге, зерттеу идеяларын таныстыруға және оларды өз қатарластарымен және факультет профессорларымен талқылауға мүмкіндік беру. Қатысушылардың зерттеулерінің түпнұсқалығын, дәлдігі мен өзектілігін қамтамасыз ету үшін факультеттің профессорлық-оқытушылық құрам арасынан жетекші таңдап, зерттеу жобаларын олармен кеңесе отырып дайындағаны жөн.
Конференция сессиялары
- Құқық
- Халықаралық құқық
- Журналистика және медиа зерттеулер
- Халықаралық қатынастар және саяси ғылымдар
Конференция тақырыптары
- Жария құқық
- Жеке құқық
- Халықаралық құқық
- Инфрақұрылымдық байланыс, сауда, инвестициялар, цифрландыру, жасанды интеллекттің әсері
- Миграция және шекаралық өзара әрекеттестік
- Климаттың өзгеруі, экологиялық мәселелер, жаңартылатын энергия
- Гендерлік перспективалар, жастардың әлеуетін арттыру, әлеуметтік және демографиялық сұрақтар
- Аймақтық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар, жаһандық басқару, сыртқы саясат, ішкі және сыртқы саясат байланысы, басқа елдерге қатысты қоғамның көзқарасы
- Дезинформация, пропаганда, медиа сауаттылық, деректерді қорғау, дата журналистика, дата дипломатиясы
- Орталық Азиядағы медиа ахуал
Жалпы ақпарат
- Қатысушылар жоғарыдағы (бірақ тек солармен шектелмейтін) тақырыптарға қатысты аннотациялар ұсынуға шақырылады
- Конференцияның жұмыс тілі: ағылшын, қазақ және орыс тілдері
- Барлық өтінімдер өтінім сауалнамасын толтыру арқылы жіберілуі тиіс
- Өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 8 қараша
- Сәтті үміткерлер 2024 жылғы 15 қарашаға дейін хабарланады
- Кеш ұсынылған өтінімдер қарастырылмайды
- Өтінім беру кезінде қатысушылар зерттеу жұмыстарының аннотациясын ұсынуы тиіс
- Қатысушылар екі автордан құралған бірлескен зерттеу жобаларын ұсына алады
Неліктен қатысу керек?
- Зерттеу идеялары және нәтижелерімен бөлісу
- Қатарластармен, профессорлармен және практиктермен байланыс орнату
- Ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту
- Әрбір сессия бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарға жүлделер беріледі
- Әрбір қатысушыға қатысқандығы туралы сертификат беріледі
- Таңдап алынған жобалар электронды конференция жинағында жарияланады және 2025 жылдың сәуір айында өтетін Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің халықаралық конференциясында (ICLSS-2025) постер презентациясы түрінде көпшілік назарына ұсынылады
Аннотация жіберу нұсқаулықтары
- Аннотация 250 сөзден аспауы керек және оның мәтінінде кестелер немесе суреттер болмауы тиіс.
- Аннотация осында берілген үлгі бойынша дайындалуы қажет.
- Аббревиатуралардың бірінші рет қолданылғанда толық нұсқасы жазылып, жақша ішінде қысқарған нұсқасы көрсетілуі керек (өлшем бірліктерінен басқа).
Жариялау және мақала талаптары
- Таңдап алынған мақалалар электронды конференция жинағында жарияланады
- Мақалалардың соңғы нұсқасы iclss@sdu.edu.kz электронды поштасына 2024 жылғы 20 желтоқсанға дейін жіберілуі қажет
- Мақала көлемі деректерді қоса есептегенде 3000-4000 cөз болуы керек
- Эмпирикалық мақалалардың аннотация (150 сөз), кіріспе, мақсат, зерттеу сұрақтары, негізгі аргумент, әдебиеттерге шолу, әдістер, нәтижелер, талқылау және қорытынды бөлімдері болуы қажет. Тұжырымдамалық мақалаларда кіріспе, мақсат, зерттеу сұрақтары, негізгі аргумент, әдебиеттерге шолу, талқылау және қорытынды бөлімдері қамтылуы тиіс.
- Әдебиеттер тізімін рәсімдеу APA стилі бойынша болуы керек. Мысалдарға назар аударыңыз
- Мәтіндегі сілтемелер “автор-дата” форматы бойынша жасалуы тиіс
- Мәтін бір жолдық интервалмен, Times New Roman шрифтімен, 14 өлшемде, тураланған болуы қажет
- Мақала тақырыбы парақтың ортасына тураланып, қою қаріппен жазылуы керек
- Автордың аты-жөні, факультеті, оқу бағдарламасы және электрондық поштасы атаудың астында ортада, кәдімгі қаріппен жазылуы керек
- Мақала жиектері: оң жиегі 10 мм, үстіңгі жағы 20 мм, сол жағы 30 мм, төменгі жағы 25 мм. Белгілі бір ұғымдар мен маңызды идеяларды қалың немесе курсивпен белгілеуге рұқсат етіледі
- Жаңа абзац сол жақтан 12-15 мм шегініспен басталуы қажет
- Кестелер мен суреттер түсінікті болуы керек. Олар бұлыңғыр болмауы тиіс
- Әрбір кесте немесе сурет нөмірленіп, қысқаша атауы және дереккөздері болуы тиіс
Бас координатор: Айзада Нуридденова
Координатор ассистенті: Диана Абдусаттар
Егер сұрақтарыңыз болса, координаторлармен iclass@sdu.edu.kz электрондық поштасы арқылы байланысыңыз.