Университетімізде Тазалық Fest экологиялық іс-шарасы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында SDU University аумағында Тазалық Fest экологиялық іс-шарасы өтті. Іс-шара ерекше рух пен бірліктің символына айналып, университет қауымдастығының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін айқын көрсетті.
Акцияға 300-ге жуық қызметкер мен студент қатысты. Қатысушылар өз қолымен аумақты тазалап, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Бұл бастама табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттап, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
«Тазалық Fest – бұл тек сенбілік емес, ортақ жауапкершілік пен жасыл мәдениетті қалыптастыруға арналған мереке. Мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, қоғамда экологиялық сананы көтеруге үлес қосады», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Шара соңында барлық қатысушыларға дәстүрлі түрде палау ұсынылып, жылы дастархан басында мерекелік көңіл-күй жалғасын тапты. Бұл сәт қатысушылардың өзара байланысын күшейтіп, Тазалық Fest-тің шынайы рухын айшықтады.
SDU жастары қоршаған ортаға жанашыр болуды жақсы дәстүрге айналдыруды мақсат етеді.
#ТазалықFest #SDU #ТазаҚазақстан




