Андрей Богданчиковқа «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы берілді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімімен SDU University Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Андрей Богданчиков 21100 – «Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.
Андрей Богданчиков – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD). Оның ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 18 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде ол білім беру мен ғылымды дамытуға зор үлес қосып келеді.
Ғалымның жетекшілігімен екі PhD докторант өз диссертацияларын табысты қорғаған. Оның зерттеу жұмыстарының нәтижелері Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларына енген жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған.
SDU University ұжымы Андрей Богданчиковты осы маңызды ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл жетістік – университетіміздің ғылыми әлеуетін арттыруға қосылған үлкен үлес.