Академиялық ұтқырлық бағдарламасы (2026–2027 оқу жылы, күзгі семестр) бойынша құжат қабылдау басталды
2026–2027 оқу жылының күзгі семестріне арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Іссапар шығындары, тұру, сақтандыру және виза алымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылады.
Квота саны:
Еуропа – 6 квота
Оқу ұзақтығы – бір семестр.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
— GPA 2.75-тен жоғары;
— Ағылшын тілін меңгеру деңгейі B2 (Upper-Intermediate) деңгейінен төмен емес;
— 2-курсты аяқтап, 3-курсқа өтетін студенттерге басымдық беріледі;
— Академиялық қарызы болмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Транскрипт (Student’s Service Center бөлімінен алу қажет: ssc@sdu.edu.kz);
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (төмендегілердің бірі):IELTS сертификаты (6.0 және одан жоғары); SDU Extension School extension.school@sdu.edu.kz ұйымдастырған тестілеу нәтижесі (B2 деңгейінен төмен емес).
- Паспорт көшірмесі;
- Толтырылған сауалнама (бекітілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алушының өтініші (бекітілген)
- студенттің көп балалы отбасынан шыққанын растайтын отбасы құрамы туралы құжат ( бар болған жағдайда);
- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін ( бар болған жағдайда);
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
- соңғы 3 жылдағы дипломдарды, сертификаттарды, алғыс хаттарды жүктеңіз (бар болған жағдайда)
Үміткерлерді тең баллмен іріктеу кезінде артықшылық беріледі:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;
2) мүгедектігі бар студенттер;
3) көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.
Құжаттарды SDU University кеңсесінің жеке мекен-жайына “Академиялық ұтқырлық” белгісімен жолдауыңызды сұраймыз: Абылай хан 1/1 Қаскелең қ., 040900, SDU University. (C200, 2-қабат)
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 26 наурызға дейін жүзеге асырылады.
Қосымша сұрақтар бойынша Халықаралық қатынастар департаментіне хабарласуға болады: iro@sdu.edu.kz
Өтініште көрсету үшін – Интернационалдандыру бойынша координаторлар:
– Дияр Нурметов – diyar.nurmetov@sdu.edu.kz – Білім беру және гуманитарлық ғылымдар мектебі
– Ислам Супыалдияров – islam.supyaldiyarov@sdu.edu.kz – Әлеуметтік ғылымдар, Бизнес және Құқық мектебі
– Гульнара Саймасай – gulnara.saimassay@sdu.edu.kz – Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебі (SITAM)
Видео нұсқаулық сілтемеде.
