Академиялық адалдық лигасы 2025 жылдың екінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларын шығарды

2025 жылдың екінші жартыжылдығында Академиялық адалдық лигасы (ААЛ) бекітілген күн тәртібі мен регламентке сәйкес екі отырыс өткізді. Отырыстар барысында Лига құрамына жаңа білім беру ұйымдарын қабылдау мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дауыс беру нәтижесінде ААЛ мүшелерінің басым көпшілігі төмендегі білім беру ұйымдарының Лигаға кіруін қарауға қабылдады:

  • Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;
  • «Шәкәрім университеті» КеАҚ;
  • «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС;
  • Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КеАҚ.

Сондай-ақ отырыс барысында академиялық қызметте жасанды интеллектіні пайдалану жөніндегі нұсқаулықты жаңарту үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобына Лигаға мүше әрбір ұйымнан жауапты өкілдер енеді. Топтың негізгі міндеттері жасанды интеллектіні қолдануға қатысты нормативтік және әдістемелік тәсілдерді өзектендіру, академиялық адалдықты бұзуға қатысты практикалық кейстерді жүйелеу, сондай-ақ академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу болып айқындалды.

Ашықтықты қамтамасыз ету және бірыңғай стандарттарды сақтау мақсатында Академиялық адалдық лигасы жаңадан қабылданған университеттерге қатысты жоспарлы мониторингтік іс-шараларды жалғастырады. Мониторинг аясында академиялық адалдық қағидаттарының енгізілу деңгейі бағаланып, ішкі рәсімдер талданып, оларды одан әрі жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірленетін болады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: