Frontend Developer
Түрі
Әкімшілік
Сипаттамасы
SDU University-де әрбір жоба нақты адамдардың қажетіне қызмет етеді. Мыңдаған студент пен қызметкердің күнделікті жұмысы мен оқуын жеңілдететін цифрлық жүйелерді бірге дамыту үшін Frontend-әзірлеушіні командамызға шақырамыз.
Міндеттері
- Университеттің ішкі жүйелерінің функционалын Vue 3 және React негізінде әзірлеу және жетілдіру
- Интерфейстерді Swagger/OpenAPI құжаттамасы бойынша REST API-мен интеграциялау
- Валидациясы бар формаларды, сүзгілері мен беттеуі (пагинациясы) бар кестелерді жасау, файл жүктеуді және Excel мен PDF форматтарына экспорттауды іске асыру
- Функционалды браузерде, мобильді құрылғыларда және үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) тексеру
- Код-ревьюге қатысу, GitLab-та merge request арқылы жұмыс істеу
- Университеттің WordPress-тегі сайттарын әзірлеу, жетілдіру және қолдау
- Тақырыптар (темалар) мен плагиндерді баптау және жаңарту, сайттардың қауіпсіздігін және резервтік көшірмесін қамтамасыз ету
- Жүктелу жылдамдығын оңтайландыру және техникалық SEO
- Техникалық қателерді жою және веб-ресурстардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
Талаптар
- Кемінде 2 жыл коммерциялық әзірлеу тәжірибесі, оның ішінде кемінде бір жыл продакшнда Vue немесе React-пен жұмыс
- Vue 3 (Composition API, Pinia, Vue Router, vue-i18n) немесе React 18+ (хуктар, TanStack Query, TanStack Router, Zustand) бойынша сенімді білім және екінші фреймворкпен де жұмыс істеуге дайын болу
- JavaScript және TypeScript тілдерін жақсы білу
- HTML, CSS және SCSS білу, адаптивті беттеу (вёрстка) дағдылары
- REST API және axios-пен жұмыс тәжірибесі: қателерді өңдеу, токендер мен CORS, Swagger/OpenAPI құжаттамасын өз бетінше оқи білу
- Формаларды валидациялау (vee-validate + yup немесе react-hook-form + zod) және UI-кітапханалармен (PrimeVue/PrimeReact, Bootstrap 5, Tailwind) жұмыс тәжірибесі
- Git, Vite, ESLint және Prettier құралдарын меңгеру, DevTools арқылы жөндеу (отладка) жүргізе білу
- WordPress бойынша базалық білім
- Laravel жобасының құрылымын түсіну, SQL бойынша базалық білім, бэкендті docker-compose арқылы іске қоса білу
- Басқа адам жазған кодты түсіне білу және тапсырмаларды соңына дейін жеткізу
Артықшылық болып саналады
- Тест жазу тәжірибесі: Vitest, Vue Test Utils, Playwright
- WebSocket және realtime технологияларымен жұмыс тәжірибесі: Laravel Echo + Pusher
- Docker, nginx және GitLab CI білу
- Өнімділікті оңтайландыру және интерфейстердің қолжетімділігі (accessibility) бойынша жұмыс тәжірибесі
- Flutter-де әзірлеу тәжірибесі
Әлеуметтік пакет
- Ағылшын тілі курстарына 50%-ға дейін жеңілдік;
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30;
- Спортпен шұғылдану мүмкіндігі: тренажер залы және үстел теннисі;
- Университет кафесінде тамақтануға 50% жеңілдік;
- Медициналық қызметтерге қолжетімділік, оның ішінде «СКmed» медициналық орталығы мамандарының кеңестері;
- Тегін психологиялық қолдау;
- Кәсіби даму мүмкіндіктері: тренингтерге, семинарларға және халықаралық конференцияларға қатысу.