Ғылыми кітапхана директоры
Түрі
Әкімшілік
Сипаттамасы
SDU University Ғылыми кітапхананы университеттің даму стратегиясына сәйкес дамытатын, кітапхана қорын халықаралық стандарттарға сай қалыптастыратын және заманауи кітапханалық технологияларды енгізетін тәжірибелі басшыны жұмысқа шақырады.
Міндеттері
- Университет стратегиясына сәйкес кітапхананы дамыту басымдықтарын анықтау, даму жоспарын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау.
- Ғылыми кітапхананың барлық бөлімдерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
- Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық жобалар аясында жұмыс жүргізу.
- Кітапхана бюджетін қалыптастыру, сатып алулар мен келісімшарттардың орындалуын және қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау.
- Кітапхана қорын қалыптастыруды, сақтауды, есепке алуды және тиімді пайдалануды басқару.
- Университеттің оқу және ғылыми қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету.
- Баспа және электрондық ресурстарға, деректер қорларына және ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру.
- Автоматтандырылған жүйелерді, цифрлық платформаларды және электрондық кітапханаларды енгізу және қолдау.
- Кітапхана қызметтерінің сапасын жүйелі бағалауды ұйымдастыру және оны үздіксіз арттыру.
- Институционалдық және бағдарламалық халықаралық аккредиттеу рәсімдеріне қатысу, өзін-өзі бағалау есептерін дайындау.
- Ішкі нормативтік құжаттарды, тұрақты есептерді және талдамалық жазбаларды әзірлеу.
- Кітапхана ұжымын басқару, тапсырмаларды бөлу, қызметкерлердің кәсіби дамуын және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
- Сыртқы байланыстарда кітапхана мүддесін білдіру: басқа кітапханалармен, ғылыми және мәдени мекемелермен, баспалармен және кәсіби қауымдастықтармен өзара әрекеттесу.
- Конференцияларға қатысу, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, семинарлар мен тренингтер өткізу.
Талаптар
- Кітапхана ісі, ақпараттық технологиялар, құжаттану, гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
- Кітапхана ісі, ақпараттық ресурстарды басқару, білім немесе ғылым саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
- Ағылшын тілін Intermediate (B1) деңгейінде білу.
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу.
- АБИС, DSpace, SpringShare сияқты ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу.
- Ақпаратты талдау және ғылыми көрсеткіштермен жұмыс істеу дағдылары.
- Компьютерлік сауаттылық (MS Office, Office 365, Google Apps және т. б.).
- Кітапхана стандарттарын (ГОСТ, RDA, MARC және т. б.), электрондық кітапханалар мен ғылыми базаларды (Scopus, Web of Science, eLibrary) білу.
- Қазақстан Республикасының білім, ғылым және авторлық құқық салаларындағы заңнамасын білу.
- Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудегі халықаралық тәжірибе мен қазіргі үрдістерді білу.
Жеке қасиеттері
- Стратегиялық, сыни және шығармашылық ойлау.
- Ұжымда жұмыс істей білу және қақтығыстарды шешу дағдылары.
- Басымдықтарды анықтай білу, уақытты басқару және жұмысты ұйымдастыру.
- Коммуникативтік дағдылар және түрлі мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай білу.
- Аналитикалық немесе ғылыми-зерттеу қабілеті.
Артықшылық болып саналады
- Ғылыми дәреженің болуы (PhD, ғылым кандидаты немесе докторы).
- Тиісті шетелдік жоғары білімнің немесе шетелдік кітапханалардағы жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Кітапхана ісі немесе ақпараттық қызмет көрсету саласында қайта даярлаудан не біліктілікті арттыру курстарынан өту.
Әлеуметтік пакет
- Ағылшын тілі курстарына 50%-ға дейін жеңілдік.
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30
- Спортпен шұғылдану мүмкіндігі:жаттығу залы және үстел теннисі.
- Университет кафесіндегі тамаққа 50% жеңілдік.
- Медициналық қызметтерге қолжетімділік, оның ішінде «СКmed» медициналық орталығы мамандарының кеңестері.
- Тегін психологиялық қолдау.
- Кәсіби даму мүмкіндіктері: тренингтерге, семинарларға және халықаралық конференцияларға қатысу.