Асхат Алимов
DrPH
Faculty of Education & Humanities
Room: G320
Profile
Алимов Асхат SDU University-де 2024 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет жасай бастады. Оның педагогикалық жұмыс өтілі - 43 жыл. Ол мектептерде жұмыс жасап, 1984-2013 жылдар аралығында жоғары мектепте оқытушылық қызметпен айналысты. Соңғы 10 жылда Педагогикалық шеберлік орталығының тренері болды. Кезінде Асхат факультет деканы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор және академия ректоры қызметтерін атқарған. Ол - оннан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Оның ғылыми қызығушылықтары мектеп пен ЖОО-дағы оқыту әдістемесі мен әдебиет теориясы бағыттарында. Асхат мектептер мен мұғалімдерге көп көмек көрсетеді. Ол Фейсбукта "Менің мектебім" атты тобының админі ретінде (топқа қатысушыларының саны 48,6 мың адам) 200-ден астам пост жариялаған. Олардың барлығы дерлік педагогика мен әдістеме тақырыптарына жазылған. Қолы босаған кезде фермерлікпен айналысады: ауылдық жерде алма салып, мал өсіреді. Жаяу саяхат жасау мен рафтингті ұнатады.
Degree Qualifications
10.01.02 "Қазіргі қазақ әдебиеті" мен 10.01.07 "Әдебиет теориясы" мамандықтары бойынша филология ғылымдарының кандидаты (1994), Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасы (1992), І.Жансүгіров атындға Талдықорған педагогикалық университеті (1981),.
Certificates
Courses
HPE 317 Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Publications
1. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану, 2009, Алматы: Жедел басу баспаханасы. 2. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, 2013, Алматы, Кантана Пресс. 3. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану, 2014, Астана, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы. 4. Инновационные технологии в высшей школе, 2022, Талдықорған, Жетісу университеті, бірлескен авторлар Ауелбекова Б.А., Ауелбек М.А.
Conference
"Сабақты зерттеудің қазақстандық тәжірибесі", ХІ WALS (Халықаралық сабақты зерттеу ассоциациясы), Bridging Research and Practice through Lesson Study, Нагоя, Жапония, 24-27.11.2017
Research interests
Membership of professional organisations
Scholarships & awards