Эльмира Баярыстанова
PhD
Faculty of Education & Humanities
Room: G 320
Profile
Баярыстанова Эльмира – 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап SDU университетінің «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінде ассистент профессор қызметін атқарады. Оның жоғары білім беру саласындағы еңбек өтілі 20 жылды құрайды. Соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасында аға оқытушы лауазымында жұмыс істеп, бакалавриат пен магистратура деңгейінде педагогикалық және психологиялық бағыттағы пәндерден дәріс оқыды. SDU университетінде Эльмира Баярыстанова 1-2 курс студенттеріне дәріс және семинар сабақтарын жүргізеді, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Оның ғылыми қызығушылықтарының негізгі бағыттары – педагог мамандарды кәсіби даярлау үдерісі, білім беру мекемелерін басқару және заманауи білім беру менеджментінің өзекті мәселелері. Эльмира Баярыстанова ғылыми-әдістемелік еңбектері мен оқу процесін жетілдіруге қосқан үлесі арқылы танылған тәжірибелі маман. Ол болашақ мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан даярлауда теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға басымдық береді. Бос уақытында саяхаттауды ұнатады, жаңа мәдениеттерді тануға және кәсіби көкжиегін кеңейтуге ерекше мән береді.
Degree Qualifications
Педагогика ғылымдарының кандидаты (2010), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, 13.00.01-Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика
Certificates
Courses
1) HPE 119, бакалавриат, Педагогика;
2) HPE 202, бакалавриат, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі;
3) HPE 204, бакалавриат, Этнопедагогика;
4) PRI 117, бакалавриат, Педагогика (оқу практикасы)
2) HPE 202, бакалавриат, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі;
3) HPE 204, бакалавриат, Этнопедагогика;
4) PRI 117, бакалавриат, Педагогика (оқу практикасы)
Publications
1)Training of social education on prevention of the victim behavior// International Journal of Evaluation and Research in Education (IJERE) Vol. 14, No. 2, April 2025, pp. 797~806 ISSN: 2252-8822, DOI: 10.11591/ijere. v14i2.30234;
2) "Болашақ педагог-психологтардың цифрлық сауаттылығы білім беру жүйесін жетілдіру ресурсы ретінде"//Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХАБАРШЫСЫ, Педагогикалық ғылымдар сериясы. №2 (83) 2025/Е.Ә. Әбдіжәділ, Қ.Ш. Молдасан;
3) Қазіргі студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігіне эмоциялық-аффективтік процестердің əсері//Абай атындағы ҚазҰПУ ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №2(83), 2025/Кудушева Н.А., Мурзагулова М.Д., Омарова Е.О., Аденова Л.Ж.;
4) Студент жастарға тән әлеуметтік фобияның көріністері мен себептерінің ерекшеліктерін зерттеу//Абай атындағы ҚазҰПУ ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №1(74), 2023/ Аренова А.Х.;
5) Болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің теориялық аспектілері//Абай атындағы ҚазҰПУ ХАБАРШЫ «Психология» сериясы, №2(72), 2022/ Аренова А.Х.

Conference
"Болашақ педагог-психологтарды тәжірибеге бағдарланған кәсіби даярлау"//Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 85 жылдығына арналған «ЗАМАНАУИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: ТАРИХЫ, БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми конференция/Алматы, Қазақстан, 5 қаңтар 2025
Research interests
Педагог мамандарды кәсіби даярлау үдерісі, білім беру мекемелерін басқару және заманауи білім беру менеджментінің өзекті мәселелері
Membership of professional organisations
Scholarships & awards
ҚР БҒМ Құрмет грамотасы (2018)Б
«Шахмардан Есенов» медалі (2021)
«Шахмардан Есенов» медалі (2021)