Advising desk маманы
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
- Кіріс және шығыс хат-хабарлар мен электрондық поштаны, құжат айналымын жүргізу;
- Бөлімнің әкімшілік үдерістерінің тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
- Директордың тапсырмаларының орындалуын және мерзімдерінің сақталуын бақылау;
- Цифрландыру жобаларының жоспары мен орындалу кестесін қадағалау;
- Жобалардың есептерін, талдамалық материалдарын және тиімділік көрсеткіштерін дайындау;
- Жобалар бойынша жиналыстарды ұйымдастыру, хаттамалар дайындау және шешімдердің орындалуын бақылау;
- Цифрлық шешімдерді енгізу барысын құжаттау және кері байланыс жинау.
Талаптары
- Жоғары білім (инженерия, менеджмент, коммуникация немесе ұқсас бағыттар бойынша);
- Цифрландыру, жоба басқару немесе технология саласында тәжірибесінің болуы;
- MS Office, онлайн кездесу платформалары және жоба басқару құралдарын (Trello, Asana, Jira және т.б.) еркін меңгеру;
- Жазбаша және ауызша коммуникация дағдылары жоғары, ішкі және сыртқы серіктестермен тиімді байланыс орната білу;
- Аналитикалық ойлау қабілеті мен есеп беру дағдыларының болуы;
- Құпиялылық пен корпоративтік этика қағидаттарын сақтау.
Шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30, түскі үзіліс 12:30–13:30;
- Кампустың жаңа инновациялық кітапханасына қолжетімділік;
- Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік;
- Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер;
- Кампустық «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері;
- Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері.