Рекрутинг және Маркетинг менеджері
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебіне білімгерлерді тарту бойынша маркетингтік және рекрутингтік стратегияны әзірлеу және іске асыру
- Факультет/мектеп брендін бәсекеге қабілетті білім беру өнімі ретінде қалыптастыру және дамыту
- Білімгерлермен және олардың ата-аналарымен кәсіби бағдар және рекрутингтік консультациялар өткізу
- Абитуриентті толық цикл бойынша сүйемелдеу:алғашқы қызығушылықтан бастап құжат тапсыру және қабылдауға дейін
- Ашық есік күндерін, көрмелерді, олимпиадаларды, презентациялар мен рекрутингтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
- ҚР бойынша рекрутингтік турларға қатысу
- Контент пен коммуникацияларды басқару (әлеуметтік желілер, сайт, презентациялар, жарнамалық материалдар, іс-шаралар)
- Маркетингтік және рекрутингтік кампанияларды жоспарлау, іске асыру және олардың тиімділігін талдау
- Білімгерлер базасымен жұмыс жүргізу, деректерді жаңарту, есептер мен аналитиканы қалыптастыру
- Білім беру нарығындағы трендтерді, бәсекелестерді және мақсатты аудиторияны талдау
- Университет пен мектеп атынан сыртқы коммуникацияларда өкіл болу
Талаптары
- Маркетинг, менеджмент, PR, коммуникация, бизнес немесе білім беру салалары бойынша жоғары білімі болуы
- Маркетинг және рекрутинг саласында кемінде 1–3 жыл жұмыс тәжірибесі
- Ағылшын тілін білу деңгейі – Intermediate (B1);
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша сауатты болу;
- Басқарушылық, ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттер;
- MS Office және университеттің ақпараттық жүйелерімен жұмыс істей білу.
Шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма, 8:30–17:30, түскі үзіліс 12:30–13:30
- Кампустағы жаңа инновациялық кітапханаға қолжетімділік
- Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік
- Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер
- Кампустағы «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері
- Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері