Маман
(Сапа мониторинг департаменті)
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Жобаларды басқару (жоспарлау, мерзімдерді қадағалау, ресурстарды бөлу, тәуекелдерді анықтау).
- Ұйымдастырушылық және үйлестіру қабілеттерін қолдану; көп тапсырмалы режимде тиімді жұмыс істеу.
- Аналитикалық ойлау және/немесе ғылыми-зерттеу дағдылары: деректерді жинау, өңдеу, талдау, визуализациялау.
- Қазақ және орыс тілдерінде еркін, ағылшын тілінде қызметтік деңгейде (жазбаша және ауызша) сауатты қарым-қатынас жасау.
- Уақытты тиімді басқару, басымдық қою және нәтижеге бағытталу.
- Бірнеше жобаны/тапсырманы қатар жүргізіп, әрқайсысының сапасы мен мерзімін қамтамасыз ету.
- Компьютерлік сауаттылық: MS Office, Office 365, Google Workspace; Power Query/Power Pivot білу құпталады.
- Мәтіннің логикалық құрылымын, терминологияның бірізділігін және деректердің дұрыстығын тексеру.
- Фактілерді тексеру, дереккөздермен салыстыру, нұсқаларды бақылау және форматтау стандарттарын сақтау.
- Құжат мазмұнын талдап, ықтимал тәуекелдер мен қайшылықтарды анықтап, түзету бойынша ұсыныстар енгізу.
Талаптары
- Жоғары білім (бакалавриат); магистратура – артықшылық.
- Жалпы еңбек өтілі – кемінде 1 жыл.
- Ағылшын тілі – Intermediate (B1+) деңгейі (қызметтік құжаттармен жұмыс істей алу).
- Презентация әзірлеу дағдылары/сертификаттары (PPT, Canva және т.б.).
- Академиялық бағытта жұмыс тәжірибесі – құпталады.
- Магистратура дәрежесінің болуы – артықшылық.
- ISO 9001:2015 бойынша ішкі аудитор, Data Analytics/BI, Project Management (PMI/PRINCE2) сертификаттары – артықшылық.
Шарттары
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау.
- Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 08:30–17:30 (түскі үзіліс – 12:30–13:30).
- Кампуста жаңа инновациялық кітапхана қолжетімді.
- Асханадағы түскі асқа 50% жеңілдік.
- Ағылшын тілі курстарына қосымша жеңілдіктер ұсынылады.
- Кампустағы «Жанұя» медициналық орталығы қызметкерлерге тегін қызмет көрсетеді.
- Психологиялық кеңес беру орталығы қызметкерлерге тегін қызмет көрсетеді.