Кадр бөлімінің маманы
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Кадрлық іс жүргізу құжаттарын ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жүйелі түрде рәсімдеу;
- Қызметкерлер бойынша кадрлық есеп пен есептілікті уақтылы және сапалы дайындау;
- Еңбек қатынастарына қатысты құжаттардың заңнама талаптарына сай болуын қамтамасыз ету;
- Кадрлық аудит, аттестациялау және қызметтік тексеру процестеріне қатысу;
- Штаттық құрылымды жоспарлау және персонал қозғалысын бақылау;
- DMS, PMS және HR жүйелері арқылы электрондық құжат айналымын жүргізу;
- Университет бөлімшелерімен тиімді іскерлік қарым-қатынас орнату;
- Ішкі тәртіп пен этикалық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Туындаған қателіктер мен тәуекелдер туралы басшылыққа жедел хабарлау.
Талаптары
- Менеджмент, құқық немесе психология саласы бойынша жоғары білім;
- Кадрлық іс жүргізу және еңбек заңнамасы бойынша сертификаттардың болуы (артықшылық);
- Ағылшын тілін білу деңгейі — Intermediate (B1) және жоғары;
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазбаша және ауызша сауаттылық;
- Компьютерлік сауаттылық (MS Office, Google Apps, Office 365);
- Ұқыптылық, жауапкершілік, аналитикалық ойлау қабілеті, коммуникабельділік.
Шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30, түскі үзіліс 12:30–13:30;
- Кампустың жаңа инновациялық кітапханасына қолжетімділік;
- Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік;
- Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер;
- Кампустық «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері;
- Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері.