Advising desk маманы
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Студенттер мен ата-аналарға кеңес беру;
- Студенттерге университет порталындағы іс-әрекеттерді орындауға көмек көрсету;
- Процестерді автоматтандырумен жұмыс жасау;
- Университет порталы жүйесіне қатысты мәселелерді шешу;
- Студенттерге қызмет көрсету орталығы (SSC) ассистенттерінің жұмыс ағынын бақылау, әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
- Қажетті ақпаратты студенттерге уақытылы жеткізу;
- Өтініштерді қарастыру және эдвайзерлердің сұрақтарына жауап беру, ай сайын семинарлар өткізу.
Талаптары
- Жоғары білім;
- Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын (Upper-Intermediate деңгейі).
Шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30, түскі үзіліс 12:30–13:30;
- Кампустың жаңа инновациялық кітапханасына қолжетімділік;
- Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік;
- Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер;
- Кампустық «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері;
- Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері.