SMM менеджері
Қызмет түрі
Әкімшілік
Міндеттері
- Instagram, TikTok, Telegram, Facebook және басқа да әлеуметтік желілер үшін SMM-стратегияны әзірлеу және іске асыру
- Контент тиімділігін талдау, даму нүктелерін анықтау және SMM-стратегияны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу
- Ай сайынғы контент-жоспарды қалыптастыру
- Қамту аясын, аудиторияның белсенділігін және лидогенерацияны арттыруға бағытталған креативті идеялар мен концепциялар ұсыну
- Фото, видео, сторис, қысқа бейнероликтер, Reels және TikTok форматтарында контент дайындау
- Фотосессия мен бейнетүсірілімге қатысу, материалдарды дайындау және ұйымдастыру
- Видео монтаждау және фотосуреттерді өңдеу (CapCut, Photoshop, Figma)
- Баннерлер, сторис дизайны және басқа визуалды материалдар әзірлеу
- Копирайтинг: пост мәтіндерін, сипаттамаларды, сторис сценарийлерін және жарнамалық мәтіндерді жазу
- Әлеуметтік желідегі парақшаларды толық жүргізу: жарияланымдар, стористер, контент релиздері
- Негізгі көрсеткіштерді (қамту, ER, қаралым, аудитория өсімі) тұрақты түрде бақылау
- Блогерлермен және пікір көшбасшыларымен жұмыс жүргізу, ынтымақтастық форматтарын ұсыну
- Келіссөздер жүргізу, дедлайндарды және интеграциялардың орындалуын бақылау
Талаптары
- SMM-менеджер ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша сауатты болу;
- Әлеуметтік желілер алгоритмдерін және трендтерді түсіну
- Аналитикамен жұмыс істей білу және қорытынды шығару қабілеті
Шарттары
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30
(түскі үзіліс 12:30–13:30) - Кампустағы жаңа инновациялық кітапханаға қолжетімділік
- Университет асханасында тамақтануға 50% жеңілдік
- Ағылшын тілі курстарына жеңілдіктер
- Кампуста орналасқан «Жанұя» медициналық орталығының тегін қызметтері
- Қызметкерлерге арналған Психологиялық кеңес беру орталығының тегін қызметтері