Жыл сайынғы ISPT олимпиадасы биыл әлемнің 10 елінде өтеді.
Сулейман Демирель атындағы университет алыс және жақын шетел мектептерінің түлектері арасында олимпиада өткізеді. Биыл олимпиада 4-10 шілде аралығында онлайн форматта өтеді. Төмендегі елдердің түлектері үшін тіркеу ашық:
– Кения;
– Уганда;
– Танзания;
– Малави;
– Индонезия;
– Тайланд;
– Моңғолия;
– РФ;
– Түрікменстан;
– Өзбекстан.
Бүгінгі таңда университетте 150-ден астам шетелдік студент оқиды, ал халықаралық алмасу бағдарламалары 50 елді қамтиды.