HR ДЕПАРТАМЕНТІ
SDU HR департаменті адам ресурстарын басқару, мамандармен қамтамасыз ету, адам ресурстарын жоспарлау, жұмыс орындарын талдау, қызметкерлерді жалдау және іріктеу арқылы қол жеткізілуі тиіс қызметкерлерді дамыту мен техникалық қызмет көрсетуге жәрдемдесуге жауапты. Департаменттің басқа міндеттері қызметкерлерді бағдарлауға және кіріспе дайындықтан өткізуге, оқытуға және дамытуға, қызметтік аттестаттауға, өтемақылар мен сыйақыларды жоспарлауға, мотивациялауға, әл-ауқатты, денсаулық пен қауіпсіздікті, сондай-ақ қызметкерлермен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
Қызметтер
Жұмысқа қабылдау
Өндіріс пен академиялық саладағы үздік таланттарды тарту және сақтау. Жаңа қызметкерлерді бейімдеу Жаңа қызметкерді компаниядағы еңбекті ұйымдастырумен, ұйымдық мәдениетпен, рәсімдермен, ұйымның құндылықтарымен таныстыру
Персоналды мотивациялау
Бұл персоналдың өнімділігін және ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған әдістер мен тәсілдер жүйесі
HR-аналитика
SDU University мекемесінің – HR аналитикасы адам ресурстары туралы деректерді барынша тиімді пайдалануға бағытталған. Бізде бар ең маңызды ресурс – бұл адамдар: оқытушылар, әкімшілік қызметкерлер және студенттер. Сол себебі біз университет қабырғасында өмірді жақсарту үшін үнемі жұмыс істейміз
Персоналды құжаттама
Қолданыстағы заңнама ережелеріне сәйкес кадрлық іс қағаздарын жүргізу, университетті жауапкершілікке тартудың алдын алу үшін барлық белгіленген нормативтердің сақталуын іске асыру
Команда құру және іс-шаралар ұйымдастыру
Компанияның мақсаттарына тиімді қол жеткізу мақсатында команда мүшелері арасындағы байланыстарды нығайту. Команда құру, іс-шаралар ұйымдастыру, бірлесіп тамақтану сияқты бейресми немесе басшылық ұйымдастырған жиналыс, сессия сияқты ресми түрде болуы мүмкін.
Оқыту және дамыту
Білікті қызметкерлерді жалдау – HR департменті жұмысының бір қыры ғана. Талантты сақтап қалу және бәсекеге қабілетті болып қалу үшін HR менеджерлері қызметкерлерді дамыту бастамаларын іске қосуға да жауапты болуы мүмкін. Бұл жұмыс орнында қосымша оқытуды, кәсіби даму бағдарламаларын немесе қызметкерлерге өздерінің ағымдағы рөлдерінде өсуіне және дамуына мүмкіндік беретін білім беру мүмкіндіктерін немесе оларды ұйымдағы карьералық өсуге дайындауды талап етуі мүмкін.