Tagzym Nauryz

СДУ Университеті өрттен қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтады

СДУ Университеті өрттен қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтады СДУ Университеті ұжымы Абай облысында орын алған орман өртін сөндіру барысында қаза тапқан марқұмдардың отбасы мен жақын туыстарына қайғыра көңіл айтады. Табиғи апат кезінде ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын!Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан ел ұландары халық жадында мәңгі сақталады. Өңірдегі …

СДУ Университеті өрттен қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтады Read More »

Инженерлік және жаратылыстану факультетінің білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеу үдерісінде

Инженерлік және жаратылыстану факультетінің білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеу үдерісінде Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Математика» (BA, MA, PhD) және «Математикалық және компьютерлік модельдеу» (BA) білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үдерісі аясында ASIIN халықаралық аккредиттеу агенттігінің сарапшылары СДУ кампусында.

Times Higher Education Impact Rankings 2023: SDU Нәтижелері

Университетімізде психологтардың форумы өтті Біз SDU университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты Даму бағдарламасына қосқан үлесін бағалайтын THE Impact Rankings 2023 рейтингіне енгенін қуана хабарлаймыз. Биылғы жылы SDU 8 Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ 1. Кедейлікті жою, ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ТДМ 4. Сапалы білім беру, ТДМ 5. Гендерлік теңдік, ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу, …

Times Higher Education Impact Rankings 2023: SDU Нәтижелері Read More »

СДУ мен Варшава университеті ынтымақтастық келісіміне қол қойды

СДУ мен Варшава университеті ынтымақтастық келісіміне қол қойды 22-29 мамыр аралығында СДУ Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің өкілдері: факультет деканы Саудбаев М., Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Копбаева А., Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Нуридденова А. және Құқықтану кафедрасының PhD, ассистент профессоры Естемиров М. іс-сапармен Германия, Польша және Эстония елдеріне барды. Іссапардың басты мақсаты – Еуропаның бірқатар университеттерімен …

СДУ мен Варшава университеті ынтымақтастық келісіміне қол қойды Read More »

Университетімізде психологтардың форумы өтті

Университетімізде психологтардың форумы өтті 24 мамыр Сулейман Демирель атындағы Университетте «Жоғары оқу орындарындағы заманауи психологиялық қолдау қызметінің жұмысы» атты форум өтті. Іс-шараға еліміздің жоғарғы оқу орындарынан 23 психолог қатысты. Форумның мақсаты жоғары оқу орындарындағы «Психологиялық қызметінің» XXI-ғасырға сай жұмысын талқылап, тәжірибе алмасу, психолог мамандардың қызметінде маркетинг саласының орнын айқындау, олардың әлеуетін арттыру және білім алушыларға …

Университетімізде психологтардың форумы өтті Read More »

Құрметті студенттер!

Құрметті студенттер! 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебімен өткізілетін  академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды. Іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландыруды ҚР Ғылым және жоғары білім қамтамасыз етеді. Конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер ғана қатыса алады …

Құрметті студенттер! Read More »

СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті

СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті СДУ басшылық құрамының Оңтүстік Корея еліне іссапары барысында бірқатар жоғарғы оқу орындарына арнайы барып, ынтымақтастық келіссөздер жасасты.Соның ішінде, Оңтүстік Корей елінің 1954 жылы құрылған беделді әрі ірі университеттерінің бірі Inha University-не СДУ ректоры Игенбаев Әлімжан, Әкімшілік істер жөніндегі проректор Али Кочак және Халықаралық қатынастар офисінің …

СДУ мен Inha University қос дипломды білім беру бағдарламасына келісті Read More »

СДУ студенттері корей тілін Sejong Cyber University-де оқитын болады

SDU students will have the opportunity to study Korean language at Sejong Cyber University As part of the collaboration between our university’s leadership, a delegation from SDU met with the President of Sejong Cyber University, the Director of Planning Department Kim Sang-beom, the Dean of the Korean Language Department Park Soo-yeon, and the Director of …

СДУ студенттері корей тілін Sejong Cyber University-де оқитын болады Read More »

СДУ әкімшілік құрамы Токио қаласына іссапармен барды

СДУ әкімшілік құрамы Токио қаласына іссапармен барды Токио қаласындағы 1975 жылы құрылған Sokа университетіне арнайы іссапармен СДУ ректоры Игенбаев Әлімжан, Әкімшілік істер жөніндегі проректор Али Кочак және Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсупов барды.Іссаапардың негізгі мақсаты білім саласы бойынша ынтымақтастық құру, білімгерлермен өзара алмасу бағдарламасын күшейту болатын.СДУ өкілдерін Sokа университетінің президенті Masashi Suzuki мырза қарсы …

СДУ әкімшілік құрамы Токио қаласына іссапармен барды Read More »

СДУ ACeSYRI жобасы үйлестірушілерінің кездесуіне қатысты

СДУ ACeSYRI жобасы үйлестірушілерінің кездесуіне қатысты СДУ инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультеті Словакияның Жилина қаласында Эразмус+ бағдарламасы аясында “PhD студенттеріне арналған Advanced Center and young Researchers in Informatics” атты ACeSYRI жобасының үйлестірушілерінің кездесуіне қатысты. Жоба 2020 жылдың 15 қаңтарында іске қосылды және Қазақстан мен Еуропа университеттерінің студенттері, зерттеушілері мен оқытушылары арасында халықаралық ынтымақтастық үшін инновациялық …

СДУ ACeSYRI жобасы үйлестірушілерінің кездесуіне қатысты Read More »

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content