ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Педагогика бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
75
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Вебинар
Оқушылардың қоғамда әлеуметтенуіне, тұлғалық бағдарлануына, кез келген жағдайда білім алуына, даму деңгейіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасайтын кәсіби мамандар даярлау; Тәрбие мен білім берудегі жалпыадамзаттық, ұлттық, жеке тұлғалық құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану салалары бойынша теориялық білімді тәжірибеде қолдана отырып, қоғам сұранысына сай жаңашыл, кәсіби құзыретті маман қалыптастыру.
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми тұжырымдарды негізге ала отырып, пайымдаулар жасауға қажет білім мен ақпараттарды жинайды және қоғамдық мәселелерге қатысты азаматтық позициясын көрсете алады;
- Гуманитарлық пәндер саласындағы (философиялық, әлеуметтік, психологиялық, мәдени) базалық білімді меңгеру арқылы өзінің жалпы мәдени, ақпараттық-аналитикалық, тұлғааралық-коммуникативтік қасиеттерін кәсіби қызметі барысында қолданады;
- Кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алады;
- Өзін-өзі танудың теориясы мен тәжірибесін, қалыптасу тарихын және пәнді оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің сипаттамасын меңгереді;
- Басқарушы-ұйымдастырушылық қызметінде психологиялық және әдістемелік білімін, цифрлық технологияларды маманданған қолданушы деңгейінде пайдалана алады;
- Әлеуметтік-педагогикалық қызмет барысында әртүрлі жастағы оқушылардың, жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере білу және әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру дағдылары қалыптасады;
- Педагогика, психология салаларының теориялық негізін, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасын, қоғам сұранысына сай педагогика мен психологияның жаңа бағыттарын жете меңгере отырып, кәсіби саласында пайдалана алады;
- Қазіргі заманғы мектептегі білім беру мазмұнын, кәсіби білім берудің өзара байланысын, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың алғышарттарын және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету жолдары мен әдістерін игереді;
- Оқу-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі ғылыми-зерттеу әдістерін талдау, нормативтік-құқықтық құжат айналымын жүргізу дағдыларын игереді;
- Мәдениетаралық және ұлттық құндылықтарға негізделген коммуникативтік дағдыны қалыптастыру арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық және рухани құндылықтарды сіңіру жолдарын игереді.
Әлеуметтік бағыттағы мекемелер; – әлеуметтік бағыттағы мекемелер (балалар үйі, әлеуметтік қамтамасыз ету органдары, жұмыссыздарды, аз қамтылғандарды, жұмысқа қабілетсіздерді, мүмкіншілігі шектеулі жұмысқа қабілеттілерді қолдау және көмек беру, сауықтыру мекемелері);
Қоршаған ортадағы өскелең ұрпақтың тәрбиесі және дамуы мәселесімен айналысатын мекемелер; – денсаулық сақтау ұйымдары (поликлиникалар, ауруханалар, шипа жай); – мамандардың біліктілігін көтеру ұйымдары; – ғылыми-практикалық орталықтар.