SDU Extension School дайындаған тағы 2 бағдарлама ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілді
“SDU Extension School” орталығы “SDU University”
профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесе отырып әзірлеген жаңа 2
курс бағдарламасы Уәкілетті органның сараптамасынан сәтті өтті.
● “Специалист в инклюзивном образовании: основы теории и
практики”
● “Мектеп негізіндегі ғылыми зерттеу”
Бағдарламалар төмендегі бұйрықтар негізінде әзірленді: “Педагогтердің
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу
және бекіту Қағидалары” ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4
мамырдағы №175 бұйрығы және осы бұйрыққа қосымша болған ҚР
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №384 бұйрығы.
Болашақта SDU Extension School өзекті тақырыптарды қамтитын біліктілікті
арттыру курстарының білім беру бағдарламалар санын көбейтуді
жоспарлауда.
Толығырақ ақпарат алу үшін:
WhatsApp: +7 775 595 2215
Instagram: @sdu_es