ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев SDU университетінде
Бүгін университетімізге ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы жұмыс сапарымен келді.
SDU оқытушылары және студенттерімен кездесу барысында Мемлекет басшысының кеңесшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылады.
Мәлік Отарбаев жолдау мазмұнын терең түсіндіріп, оны жүзеге асыруда жастар рөлінің маңыздылығын атап өтті.
![888](https://sdu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/09/888.jpg)