SDU студенті Қытайда өткен Huawei ICT Competition сайысының жеңімпазы атанды
Қазақстандық студенттер Қытайдың Шыңжаң қаласында өткен халықаралық Huawei ICT Competition байқауында екі негізгі бағыт бойынша 1 орынды иеленіп жеңімпаз атанды. Әлемнің 90-ға жуық елінен 2000 университет, 170 000 студент қатысқан тартысты доданың мәртебесі жыл өткен сайын артып келеді.
Осындай ауқымды сайыста Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің 4 курс студенті Бекзада Үштай «Cloud» бағыты бойынша 1 орынға қол жеткізді. Топтық сайыс болғандықтан, Бекзада еліміздің намысын Әл-Фараби атындағы ҚазМУ студенттерімен бірлесе қорғады.
Қазақстандық студенттердің Huawei ICT Competition сияқты беделді халықаралық байқауға қатысуы – ақпараттық технологиялар саласы бойынша білім беруді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл болашақ мамандардың деңгейін көтеруге ғана емес, Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайтуға да септігін тигізеді. Байқауда жеңіске жету студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сайысқа қатысқан көптеген студенттер әлемдік деңгейдегі компаниялармен байланыс орнатып, жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Үздік нәтиже көрсеткен Бекзада Үштайды және ұстаздарын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!