FIBAA аккредиттеу бағдарламасы SDU университетінде
18-19 наурыз күндері SDU University Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Халықаралық құқық» және «Қолданбалы құқық» мамандықтары және SDU Бизнес мектебінің «Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламалары 1-кластер бойынша FIBAA аккредитациясынан өтеді. Білім сапасына бақылау жүргізу мақсатында Германиядан 8 сарапшы маман келді.
FIBAA ресми түрде танылған еуропалық аккредиттеу агенттігі болып табылады. 2-кластер бойынша аккредиттеу 26-27 наурыз күндері өтеді деп жоспарлануда.
SDU университеті халықаралық стандарттарға сай білім сапасын арттыру мақсатында аккредиттеу жүйесін әрдайым қолдайды. Себебі, университетіміздің негізгі мақсаты – білім сапасын жетілдіріп отыруға бағытталған.




Previous
Next