SDU университеті ASIIN Global University Network Excellence желісіне (AGUNE) мүше ретінде шараның ашылу салтанатына қатысты
SDU университетін Германияның Инженерлік, информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы оқу бағдарламалары бойынша аккредиттеу агенттігі (ASIIN) Қазақстан, Германия, Индонезия, Қытай, Түркия, Финляндия, Египет, Сербия, Мексика, Грузия университеттерімен қатар, ASIIN Жаһандық университеттер желісінің (AGUNE) негізін қалаушы мүшелерінің бірі болуға шақырды.
Бұл академиялық желінің мақсаты – жоғары білім беруде мызғымас жетістікке ортақ міндеттемені нығайта отырып, жаһандық университеттерді біріктіру. Мақсаты әртүрлі аспектілерде, соның ішінде оқыту, ғылыми-зерттеу, халықаралық алмасу және жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету үшін озық тәсілдермен бірлесіп жұмыс істеу.
2024 жылдың 25 қаңтарында «AGUNE ашылу салтанаты» онлайн режимінде өтті. Барлық құрылтайшыларды ASIIN директоры, доктор Иринг Вассер және ASIIN директорлар кеңесінің вице-президенті, доктор Кристиан-Андреас Шуман қарсы алды. Рәсімде AGUNE бастамалары, оның ішінде AGUNE мүшелік порталымен таныстыру, белсенді қатысу әдістері көрсетілді және алдағы қадамдар белгіленді. Сонымен қатар, ASIIN академиясымен таныстыру болды.
SDU University тарапынан оқу ісі жөніндегі проректор, доктор Андрей Богданчиков университет туралы баяндама жасады.
SDU университеті бұл ынтымақтастыққа ерекше мән береді және студенттердің білім сапасын арттыру, профессорлық-оқытушылар құрамының дамуына жәрдемдесу және ғылыми зерттеулер мен жалпы академиялық жетістіктерді қамтамасыз ету үшін маңызды әлеуетті көздейді. Білім ордасы желіге кіретін басқа жетекші оқу орындарының тәжірибесін үйренуге құштар. SDU University халықаралық ынтымақтастықты және құнды серіктестіктерді нығайту үшін өз тәжірибесімен бөлісуге дайын және осы мақсатта жұмыс атқарып келеді.