“Мектеп. Ата-ана. Оқушы” форумы өтті
4-6 қаңтар аралығында SDU University қабырғасында орта мектеп басшыларына, орынбасарларына және мұғалімдеріне арналған “Мектеп. Ата-ана. Оқушы” атты форум өтті.
Форум аясында білікті сарапшылар орта білім беру саласындағы қиындықтар мен кедергілерге тоқталып, ұжым ішіндегі және мектеп, оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты дұрыс құрудың тәсілдерін талқыға салды.
Форумға 300-ге жуық мектеп директорары, директор орынбасарлары және мұғалімдері қатысты. Соның ішінде:
- 4 қаңтар: Алматы облысының Талғар ауданы мектептері мен Шымкент қаласының «Лидер» мектебі;
- 5 қаңтар: Алматы қаласының Алатау және Наурызбай аудандарының мектептері;
- 6 қаңтар: Алматы облысы Қарасай ауданы мектептері.
Ауқымды іс-шара толығымен интерактивті форматта, арнайы топтарға бөліну арқылы жүргізілді. Жобаның спикерлері – SDU University профессор-оқытушылық құрамы, Орталық тренерлері және арнайы шақырылған білікті мамандар болды.
Форумда Альфа ұрпағының ерекшеліктері, мектеп ұжымындағы әр қызметкердің маңыздылығы мен олардың сезімдерін басқару құпиялары да талқыланды.
Форум нәтижесінде қатысушылар университет ректоры атынан арнайы сертификатпен марапатталды.


