ISPT олимпиадасы алғаш рет Үндістан елінде өтті
SDU University жыл сайын мектеп түлектеріне арналған ISPT (International SDU Proficiency Test) халықаралық олимпиадасын өткізеді. Олимпиада мектеп түлектеріне Қазақстанның жетекші университетінде ішкі грант шарттарымен жоғары білім алуына бірегей мүмкіндік береді. Әрбір қатысушы ел үшін SDU 12 грант пен жеңілдіктер береді.
15 елдің мектеп бітіруші түлектері қатыса алатын олимпиада жүлдегерлеріне 4 жыл тегін білім алуға мүмкіндік беріледі. Биыл алғаш рет SDU мамандары Үндістан еліне аттанып, ISPT олимпиадасын ұйымдастырып отыр.
Грант иегерлерінің тізімі алдағы уақытта ресми сайтта жарияланатын болады.
Previous
Next