SDU Бизнес мектебінің студенттері үздік атанды
Жақын күндері Алматыда KIMEP университетінде болашақ кәсіпкерлер мен IT мамандарына арналған хакатон өтті. Іс-шараға Қазақстанның сан түрлі университеттерінен 130-ға жуық студент қатысты.
Бұл хакатонның басты ерекшелігі – жоба тек IT саласына ғана емес, бизнес бағытына да басымдық беріп аясын кеңейткен еді. 27 команда қатысқан айтулы додада SDU бизнес мектебінің студенттері топ жарып жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Осылайша, жеңімпаздар 250 мың теңге жүлде ұтып, сондай-ақ Beeline компаниясынан тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Университет абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!


Previous
Next