Мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілері мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы кездесу өтті
Университетімізде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің директоры Ляззат Бейсеқұловамен «Жастардың мемлекеттік қызметтегі мансаптық болашағы қандай?» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге қызығушылығы бар білімгерлер қатысып, мемлекеттік қызмет жөнінде толық ақпарат алды.
Іс-шара барысында қатысушылар сарапшыға сұрағын қойып, мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілерін талқылады, сондай-ақ осы саладағы мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Ляззат ханымда өз тарапынан мемлекеттік қызметтің жастар үшін маңыздылығы мен болашағы жөнінде кеңінен айтып, кездесуге қатысқан білімгерлерге алғысын білдірді.
