«Математика мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша XV республикалық пәндік олимпиада өтті
2023 жылдың 20-21 сәуір аралығында Сулейман Демирель университетінде «Математика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша XV республикалық пәндік олимпиада өтті.
Республикалық Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 университеттің студенттері бақ сынасты.
Екі күнге созылған олимпиада барысында концерттік бағдарлама мен қатысушыларға арнайы ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.
Республикалық сайыстың нәтижесі бойынша нағыз бәсекеге қабілетті, өз білімі мен біліктілігін көрсете білген жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды:
Жекелей марапаттау:
1-орын Абитаев Әділсамат
2-орын Оңғаров Ерасыл
2-орын Кубейев Бауыржан
3-орын Солодовникова Яна
3-орын Турсынов Шухрат
3-орын Бағытжан Бекзат
Команда аралық марапаттау:
1-орын Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
2-орын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
3-орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Сонымен қатар, олимпиада жетекшілеріне алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз! Аталмыш олимпиадаға қатысқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіре отыра, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!