Университетімізде SDU Press департаменті ашылды
Баспа бағыты дамуы мен қарқындауын қолға алу үшін SDU Press департаментімен бірлесе жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болғаны жайында қуанышпен хабарлаймыз. Аталған баспа үйінің директоры қызметіне Еспанов Олжас мырза тағайындалды.
SDU Press – редакциялық дайындық пен баспа өнімінің түрлерін: кітап, кітапша, газет, журнал дайындауды және жарыққа шығаруды іске асыратын болады.
СДУ әрқашан оқытушылық-профессорлық құрамы мен қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету мен уақытын үнемдеу жолында атқарылатын істерді қолдайды.