СДУ магистранты Ломоносов-2023 жас ғалымдар конференциясында 1-орын алды
14-15 сәуір аралығында Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Астана қаласындағы филиалында Ломоносов-2023 студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың XVIII конференциясы өтті. Конференцияға Сулейман Демирель Университетінің қауымдастырылған профессоры Нұрғиса Есіркегеновтің жетекшілігімен 6 студентіміз қатысып, 2-курс магистранты Мәдина Қаламан 1-ші орын иеленіп қайтты.
Сондай-ақ ғылыми математика бағыты бойынша 2-курс докторанты Еркін Шаймерденов, 2-курс магистранты Меруерт Сейтқан, 1-курс магистрант Құралай Әпсеит, 3-курс бакалавр Әмір Жаңгірбаев, 3-курс бакалавр Иманғали Орынғалиев конференцияға белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Білімдерлерді жетістіктерімен құттықтап, алар асуларының биік боларына сенім білдіреміз!