Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай СДУ белсенді студенттерімен кездесті
Бүгін Университетіміздің Құқық және Әлеуметтік ғылымдар Факультеті ұйымдастырған БАҚ өкілдерімен өткен кездесуге арнайы қонақ ретінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай келді. Журналистика саласының студенттерімен кездесу барысында депутат бүгінде әр азаматтың заң қабылдаудағы талқылауға қатысуға мүмкіндігі бар екендігін ескеріп, белсенділік танытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар ескірген заңдарды жаңарту ел дамуын айқындайтын маңызды жаһандық үрдіс болып табылатынына тоқталды. Сөз соңында Сенат депутаты қызығушылық танытқан студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өзінің өмірлік принциптерімен бөлісті. Кездесу реті бірқатар БАҚ өкілдері қатысуымен өткен кешкі аспен тәмамдалды. Бейресми сұхбатта Университет басшылығы БАҚ өкілдерінің кампаниясында СДУ Журналистика кафедрасының студенттерге беретін заман талабына сай мүмкіндіктерін атап өтіп, отандық мамандар дайындауда бірлесе қызмет етуге шақырды.






