СДУ елшілік өкілдерімен Наурыз мейрамын атап өтті
Береке мен бірліктің, достық пен татулықтың нышаны болған Наурыз мейрамына орай Университетімізбен әріптестік қарым-қатынастағы Польша, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Эстония, Үндістан елдерінің Алматыдағы Консулдары мен дипломатиялық миссия өкілдерін мерекелік дастарханға шақырды.
Университет ректоры Әлімжан Игенбаев бастаған басшылық құрам қонақтарды қарсы алып, арнайы жайылған мерекелі дастархан басында СДУ жайлы ақпаратпен бөлісті.
Айта кетсек, Сулейман Демирель атындағы Университеттің стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарының бірі – Интернационализация (СДУ Стратегиясы, 9 тармақ). Осы орайда білім беру сапасын арттыру мақсатында СДУ әрдайым шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтастығын одан әрі нығайтатын болады.
Анықтама ретінде: Бүгінде Сулейман Демирель Университетінде 15 елден 156-ге шетелдік студент білім алуда.




